Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 ”А” сыныбында “Рахмет ,саған Әліппе!” тақырыбында ертеңгілік өтті
17
январь
2024
1 ”А” сыныбында “Рахмет ,саған Әліппе!” тақырыбында ертеңгілік өтті
“Білім басы бастауышта қаланар, білімменен әлемге жол салынар” атты бастауыш пәндер онкүндігі аясында 1 ”А” сыныбында “Рахмет ,саған Әліппе!” тақырыбында ертеңгілік өтті. Ертеңгілік іс-шарасында оқушылар үйренген өлең шумақтарын айтып,өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар ертеңгілікке белсенді қатысып білімге,ұстаздары мен мектепке ,еліне, Отанына деген ыстық лебіздерін білдіріп өз қуаныштарымен бөлісті. ВИДЕО
“Ата-ана, мұғалім, оқушы үштік одағы” атты педконсилиум
16
январь
2024
“Ата-ана, мұғалім, оқушы үштік одағы” атты педконсилиум
2024 жылдың 15-16 қаңтарында 10 «А» және 10 «Ә» сыныптарының жарты жылдық қорытынды білім сапасының нәтижесін талдау мақсатында “Ата-ана, мұғалім, оқушы үштік одағы” атты педконсилиум ұйымдастырылды. Педконсилиумға директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары, тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары және пән мұғалімдері мен ата- аналар, оқушылар қатысты. Жиналыстың мақсаты: білім сапасын арттыру, оқушының білімге жауапкершілігін күшейту, ұстаз бен ата- ана және оқушы арасындағы бірлікті нығайту. Күн
"Қызықты тәжірибе алаңы" атты байқау
15
январь
2024
"Қызықты тәжірибе алаңы" атты байқау
15.01.2024 ж 1-4-сынып оқушылары арасында "Қызықты тәжірибе алаңы" атты байқау өтті. Байқауда оқушылардың жаратылыстану пәнінен алған теориялық білімдері негізінде түрлі тәжірибелер жасалды. Мақсаты:  ⚜️Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану пәніне деген қызығушылығын арттыру. ⚜️Тәжірибе жасау арқылы ғылымның алғашқы сатысына жол ашу. Оқушылар байқауға өте жоғары деңгейде дайындықпен келіп, тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік ережелерді де қатаң сақтай алды. ВИДЕО
“Жас зерттеуші” ғылыми жобалар байқауы
15
январь
2024
“Жас зерттеуші” ғылыми жобалар байқауы
201 мектеп-гимназиясында “Білім басы бастауышта қаланар, білімменен әлемге жол салынар” атты бастауыш пәндер онкүндігі аясында 2-4 сынып оқушыларымен “Жас зерттеуші” ғылыми жобалар байқауы өтті. Жобаның мақсаты: 🔰Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін арттыру, дүниетанымын кеңейту, ізденушілік қасиеттерін жетілдіріп зерттеу жұмыстарының себебі мен салдарын өмірмен байланыстыра білуге тәрбиелеу. ВИДЕО
Мектебіміздің түлектері “Алтын белгі” иегерлері мен мемлекеттік грант иегерлерімен кездесу
12
январь
2024
Мектебіміздің түлектері “Алтын белгі” иегерлері мен мемлекеттік грант
2022-2023 оқу жылындағы мектебіміздіің түлектері “Алтын белгі” иегерлері мен мемлекеттік грант иегерлері 10,11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде түлектеріміз мектеп бітірушілерімізге өз тәжірибелерімен бөлісті, оқушыларымыздың сұрақтарына жауап беріп, сұхбаттасты. Басты бағыт - сапалы білім алу үшін еңбек қажет, уақыттарын тиімді пайдалану керек екен айтты. Мемлекеттік емтихан мен ҰБТ-ға дайындықтың басты мақсаттарын атап өтті. Білім берген ұстаздарын атап үлкен алғыстарын білдіріп,
“Білім басы бастауышта қаланар, білімменен әлемге жол салынар” атты бастауыш пәндер кафедрасы апталығының ашылу салтанаты
09
январь
2024
“Білім басы бастауышта қаланар, білімменен әлемге жол салынар” атты
“Білім басы бастауышта қаланар, білімменен әлемге жол салынар” атты бастауыш пәндер кафедрасы апталығының ашылу салтанаты өтті. Апталықтың мақсаты: •Құндылыққа бағдарланған оқыту жүйесі мен іс-әрекетке бағдарланған инновациялық тәсілдерді іске асыру; •Оқу процесіне қолжетімді технологиялар мен әдістерді қолдануды арттыру. ВИДЕО
АҒЫЛШЫН ТІЛІ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ
20
декабрь
2023
АҒЫЛШЫН ТІЛІ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ
АҒЫЛШЫН ТІЛІ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ Тіл сиқыры мен ғылым ғажайыптарына толы апта! Өздеріңіз білетіндей, бұл апта керемет іс-шараларға, ұмытылмас эксперименттерге және тамаша ашық сабақтарға толы болды. Біздің оқушылар тілді үйреніп қана қоймай, ғылым мен технологияның біздің өмірімізге қалай әсер ететіні туралы ойлана отырып, білімдерін кеңейтті. Біз әдемі қыздарымыздың таңғажайып “Сән көрсетіліміне” куә болдық. Осы онкүндік барысында іс-шараларға белсенді қатысып, өздерінің ақылдылығын,
"Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен" және "Өнерім саған, Тәуелсіз Қазақстаным!" атты сурет пен қолөнер көрмесі өтті
18
декабрь
2023
"Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен" және "Өнерім саған, Тәуелсіз
Алатау ауданы 201 мектеп-гимназиясында тәрбие жоспарына сәйкес 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай мектебіміздің оқушыларымен "Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен" және "Өнерім саған, Тәуелсіз Қазақстаным!" атты сурет пен қолөнер көрмесі өтті. Еліміздің дәулеті мен сәулетін арттыру жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын! Аспанымыз әрдайым ашық болсын! Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! ВИДЕО
“Тәуелсіздік ~ ел тірегі” тақырыбында шығарма байқауы өтті
18
декабрь
2023
“Тәуелсіздік ~ ел тірегі” тақырыбында шығарма байқауы өтті
Тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай 7-сынып оқушылары арасында “Тәуелсіздік ~ ел тірегі” тақырыбында шығарма байқауы өтті.