Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
19 наурыз - Жаңару күні
19
март
2025
19 наурыз - Жаңару күні
Наурызнама 19 наурыз - Жаңару күні Наурызнаманың алтыншы күні - жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Жаңару күні табиғатпен үндестікте өтеді. Дәл осы күні жаппай ағаш отырғызу дәстүрі қалыптасқан. Бұл - табиғаттың түлеп, еліміздің жаңаруын және гүлденуін бейнелейтін ерекше символ. ВИДЕО
18 наурыз - Ұлттық киім күні
18
март
2025
18 наурыз - Ұлттық киім күні
⚜️18 наурыз - Ұлттық киім күні Бүгін - ата-бабамыздан мирас болған ұлттық киімдерімізді дәріптейтін күн. Әрбір тігісі, оюы мен өрнегі терең мағынаға ие, ал матасы мен пішіні халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрінен сыр шертеді.; Сәні мен мәні жарасқан ұлттық киімімізді насихаттайық, киіп жүрейік, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайық! ВИДЕО
17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
17
март
2025
17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні⚜️ ВИДЕО
«Білім берудегі жаңа толқын: Жас маман және инновациялық даму» онкүндігінің жабылуы
17
март
2025
«Білім берудегі жаңа толқын: Жас маман және инновациялық даму»
«Білім берудегі жаңа толқын: Жас маман және инновациялық даму» онкүндігінің жабылуы ✨📚 Бүгін білім мен жаңашылдыққа толы онкүндіктің соңғы күні! 🔥 Жас мамандардың креативті идеялары мен инновациялық бастамалары білім беру саласының дамуына тың серпін берді. 🔹 Жаңа әдістер 🔹 Қызықты шеберлік сабақтары 🔹 Тәжірибе алмасу 🔹 Креативті жобалар Сайыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталды! 🏆🎉 Жас мамандар – білім болашағының басты қозғаушы күші! ВИДЕО
Көрісу күні - Амал мерекесі - Наурыздың жаршысы
14
март
2025
Көрісу күні - Амал мерекесі - Наурыздың жаршысы
Көрісу күні - Амал мерекесі - Наурыздың жаршысы Амал мерекесі – «Көрісу күні» – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі мерекелерінің бірі. Бұл күн – адамдар бұрынғы өкпе-реніштерін кешіріп, таза көңілмен бір-біріне жылы лебіздерін білдіре отырып, жаңа жылды ақ жарқын көңілмен қарсы алатын ерекше сәт. Осындай ұлы күнді дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында, мектебімізде ата-аналармен бірлесе отырып, «Көрісу – ынтымақ, берекенің бастауы» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Ізгіліктің мерекесі - Көрісу күні құтты болсын!!!
14
март
2025
Ізгіліктің мерекесі - Көрісу күні құтты болсын!!!
Ізгіліктің мерекесі - Көрісу күні құтты болсын!!! Бір жасыңызбен ВИДЕО
“Психология әлеміне саяхат” тақырыбында арт-терапиялық жаттығуларымен тренинг
13
март
2025
“Психология әлеміне саяхат” тақырыбында арт-терапиялық жаттығуларымен
Жас мамандар апталығының аясында 8 “Б” сыныбына “Психология әлеміне саяхат” тақырыбында арт-терапиялық жаттығуларымен тренинг жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың ішкі эмоционалдық жағдайының үйлесімділігін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту Тренинг барысында оқушылар психология саласымен танысып,жаңа ақпараттар алды. Сонымен қатар “Мандала терапия”, “Қиялыңа ерік бер” топтық арт-терапиялық жаттығуларын орындады.Тренинг соңында оқушылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп,кері байланыс
«Миллион кімге бұйырады?» атты іс-шара
12
март
2025
«Миллион кімге бұйырады?» атты іс-шара
Жас мамандар апталығы аясында наурыз айының 12 күні 7-сынып оқушылары арасында «Миллион кімге бұйырады?» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа, топтық, жеке, жұптық жұмыстар жасауға, бәсекеге қабілетті, өз ойларын еркін жеткізе алатын, пәнді жетік меңгере алатын жан – жақты құзіретті өскелең ұрпақ тәрбиелеу. Жауапты пән мұғалімдері: Қасымхан М, Серик А, Орынбасарова Д, Батыркулов Е, Кокен Е. ВИДЕО
Stand Up
11
март
2025
Stand Up
2025 жылдың наурыз айының 11 күні жас мамандар апталығының аясында 9-10 сынып оқушылары арасында еркін тақырыпта “Stand Up” өткізілді. Аталмыш іс-шараға 9 “Ә”,10 “А” және 10 “Б” сыныптарының оқушылары қатысты.Қатысушы оқушылар өз әзілдерімен көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады. Іс-шараға жауапты мұғалімдер: Әбілда А,Мұратқан Г,Султанова М,Сыңырбаева А,Қапанов Н. ВИДЕО
Болашақ батырлардың көзқарасы
11
март
2025
Болашақ батырлардың көзқарасы
✨ Болашақ батырлардың көзқарасы! ✨ 1-4 сынып оқушылары арасында Азаматтық қорғаныс күніне орай ұйымдастырылған сурет көрмесі өтті 🖌️🎨 Балалар өз қиялдарын еркін көрсетіп, өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың және азаматтық қорғаныс батырларының бейнесін қағаз бетіне түсірді. 🚒🛟🔥 Әр сурет – кішкентай жүректердегі үлкен ерліктің көрінісі! 💪 Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! Жеңімпаздар мен барлық жас суретшілерімізді құттықтаймыз!