Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты тақырыптық көрмеге шолу
12
декабрь
2023
«Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты тақырыптық көрмеге шолу
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай мектеп кітапханасында «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты тақырыптық көрмеге шолу жасалды. Және 8«Б» сынып оқушылары Асанұлы Әли мен Дәркембай Кәусар Тәуелсіздік жырларын жатқа айтып белсенділік көрсетті. Тақырыптық көрме 4-8 сынып оқушыларына толықтай таныстырылды. Мақсатымыз: Келешек ұрпақтың патриоттық сезмін ояту. Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Ерлікті, адалдықты ту етіп елімізідің болашағы өз қолында екенін ұғындыру. Кітапхана
“Leaders of 21st century” атты зияткелік сайыс
11
декабрь
2023
“Leaders of 21st century” атты зияткелік сайыс
Ағылшын тілі онкүндігі аясында 8 сыныптар арасында “Leaders of 21st century” атты зияткелік сайыс өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білім деңгейін арттыру, сонымен қатар қызығушылығын, қиялын, сыни ойлауын дамыту және өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу. Қатысушылар жаратылыстану саласындағы білімдерін тексеріп, қызықты экперименттер жасады. Сайыстың соңында оқушыларға 1-2-3 орын сертификаттары табысталды. Ұйымдастырушы мұғалімдер: Мырзабекова Н., Мырзаханова Д. ВИДЕО
"Exploring stars" aтты жұлдыздар әлеміне саяхат сабақ
09
декабрь
2023
"Exploring stars" aтты жұлдыздар әлеміне саяхат сабақ
"Exploring stars" aтты жұлдыздар әлеміне саяхат сабаққа 5ші сынып оқушылары аспан әлемінің құпиясымен танысып, қызықты ақпараттар алды. ВИДЕО
Каратэ киокушинкай-каннан  Болат Фатима жүлделі 1-орын
09
декабрь
2023
Каратэ киокушинкай-каннан Болат Фатима жүлделі 1-орын
Алматы қаласы біріншілігінде каратэ киокушинкай-каннан балалар, жасөспірімдер мен қыздар арасында 201 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Болат Фатима жүлделі 1-орынға ие болды. Фатиманы жеңісімен құттықтаймыз! Жаңа белестерді бағындыруда тек сәттілік тілейміз!
«Ғылым» тақырыбында мектепішілік дебат турниры өтті
08
декабрь
2023
«Ғылым» тақырыбында мектепішілік дебат турниры өтті
10-11 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен «Ғылым» тақырыбында мектепішілік дебат турниры өтті. Бұл байқау сөздік қабілеті бар оқушылардың ауызша сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Мақсаты: пікірсайыста жоғары жетістіктерге жету, оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру, пікірсайыс арқылы сөз бостандығын насихаттау. Турнир соңында студенттерге 1-2-3 орын сертификаттары табыс етілді.Дебат турнирын ұйымдастырушы мұғалімдер: Рыскулова А.Д., Шымырбай Д.Б.,
CLIL кіріктірілген сабақ фестивалі конкурсының аудандық кезеңі
08
декабрь
2023
CLIL кіріктірілген сабақ фестивалі конкурсының аудандық кезеңі
CLIL кіріктірілген сабақ фестивалі конкурсының аудандық кезеңіне қатысып “Бас жүлде” иегері атанған химия пәні мұғалімі Жорабаева Д.Ж., информатика пәні мұғалімі Куанышбаев М.К., физика пәні мұғалімі Әзіл З.Н. және биология пәні мұғалімі Серикбаев О.Ж.
“A Postman” тақырыбы бойынша, 3 Г сыныбымен ашық сабақ өткізілді
08
декабрь
2023
“A Postman” тақырыбы бойынша, 3 Г сыныбымен ашық сабақ өткізілді
Ағылшын тілі апталығы аясында, “A Postman” тақырыбы бойынша, 3 Г сыныбымен ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: мамандық атауларын ағылшын тілінде сөйлеп үйрену. Пән мұғалімі: Ибрагим Ақжан Нұрланқызы
“Quest game” іс-шарасы
07
декабрь
2023
“Quest game” іс-шарасы
Ағылшын тілі апталығы аясында, 4-сыныптармен “Quest game” іс-шарасы өткізілді. Мектептің әр бөлмесіне сұрақтар жасырылып, оқушылар карта арқылы және сұрақтарға жауап беру арқылы ойынның шешімін тапты. Іс-шараның мақсаты: Ағылшын тілін үйрену арқылы, оқушыларды жан-жақты ойлануға дәріптеу, ұшқыр болуға тәрбиелеу. Пән мұғалідері: Байбосынова А.А., Ибрагим А.Н. ВИДЕО
Ағылшын тілі онкүндігі
05
декабрь
2023
Ағылшын тілі онкүндігі
Технологиялық жетістіктермен ерекшеленетін заманда ғылымның біздің өмірімізге әсері даусыз. Біз жаңашыл жаңалықтардың куәсі боламыз, технологиялық инновацияларға таңданамыз және ғылыми прогреспен өзгерген әлемді шарлаймыз. Дегенмен, бұл жетістіктермен бірге кері әсерін тигізіп жатқан салдары бар. Ағылшын тілі онкүндігінде біз ғылымның әсері және оның қоғамымызды қалай қалыптастырғаны, күнделікті өмірімізді қалай өзгерткені туралы талқылаймыз. ВИДЕО
“Үздік жас маман” мектепішілік байқауы
04
декабрь
2023
“Үздік жас маман” мектепішілік байқауы
Жас мамандар онкүндігі аясында “Үздік жас маман” мектепішілік байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: шығармашылықпен жұмыс жасайтын, талантты мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау және тәжірибесін тарату. Жас ізденімпаз, креативті, шығармашыл мұғалімдердің мәртебесін көтеру. Байқау қорытындысы бойынша: I орын- Көрегенова А.Ғ ІІ орын- Ұзақова А.Н., Қараш Г.Ә ІІІ орын- Куанышбаев М.К, Кокен Е.Е, Серикбаев ВИДЕО