Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар назарына!
15
апрель
2026

Ата-аналар назарына!

Ата-аналар назарына!
Алматы қаласы, Білім Басқармасының ШЖҚ МКК «201 мектеп-гимназия» әкімшілігі 2025-2026 оқу жылындағы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерінің жергілікті атқарушы органдармен бірлескен шешімдеріне сәйкес, орта білім беру ұйымдарында бітіру кештерін өткізу тәртібіне қатысты талаптар нақтыланғанын хабарлаймыз. Қабылданған шаралар білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4,9,11- сынып бітірушілерге қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады:
* Аттестаттарды табыстау рәсімі тек мектеп ғимаратында ұйымдастырылады;
* Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
* Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
* Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында автокөлік шеруіне шығуға рұқсат етілмейді.
* Ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қаражат жинауға тыйым салынады. Бітіру кештерін білім беру ұйымынан тыс жерлерде өткізуге жол берілмейді;
Ескерту:
Бұл шектеулер – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.
Құрметті ата-аналар! Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай болмауларыңызды сұраймыз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив