Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Білім жолы – жарқын болашаққа қадам” атты бастауыш пәндер кафедрасының онкүндігі өз мәресіне жетті
02
май
2025

“Білім жолы – жарқын болашаққа қадам” атты бастауыш пәндер кафедрасының онкүндігі өз мәресіне жетті

“Білім жолы – жарқын болашаққа қадам” атты бастауыш пәндер кафедрасының онкүндігі өз мәресіне жетіп, 2-мамыр күні салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Онкүндік аясында оқушылар білімнің әр қырын ашып, түрлі пәндік сайыстар мен танымдық шараларға қатысып, өз шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Жас дарындардың тапқырлығы мен белсенділігі – ұстаз еңбегінің, ата-ана қолдауының және білім жолындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі екені анық.

Жабылу салтанатында үздіктер марапатталып, бастауыш сынып оқушыларының өнері мен еңбегі көрермендер көңілінен шықты. Бұл онкүндік – тек білім мерекесі ғана емес, сонымен қатар оқушы мен ұстаздың бірлескен табысының айғағы болды.

Барша ұйымдастырушыларға, ұстаздар қауымына және қолдау білдірген ата-аналарға алғыс білдіреміз.
Білім жолындағы бұл жарқын қадамдарымыз болашақта үлкен табыстарға ұлассын!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив