14
февраль
2025
“Level up” тақырыбында “Кальмар ойыны “ форматы бойынша жаңа формациядағы педагогтардың деңгейін көтеру мақсатында семинар өтілді.
Бүгін мектебімізде мұғалімдерге арналған “Level up” тақырыбында “Кальмар ойыны “ форматы бойынша жаңа формациядағы педагогтардың деңгейін көтеру мақсатында семинар өтілді. Информатика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы Білім басқармасы тарапынан ұстаздарға берілген корпоративтік аккаунт арқылы ұстаздарға Google сервистерінің мүмкіндіктерін таныстырып, оларды сабақ барысында қолдану жолдарын көрсетті.
🔹 Семинар барысында мұғалімдер:
✅ Google Docs, Forms, Classroom сияқты құралдарды тиімді пайдалануды;
✅ Онлайн тесттер мен сауалнамалар құру арқылы оқушылармен кері байланыс орнатуды;
✅ Canva платформасында инфографика, презентация және оқу материалдарын әзірлеу мүмкіндіктерін;
✅ Жасанды интеллект құралдарын қолданып, оқу материалдарын дайындау мен ақпаратты өңдеуді жеңілдетуді үйренді.
🔍 Цифрлық технологиялардың маңызы:
Семинар барысында мұғалімдер Google платформасының білім беру үдерісін жеңілдетіп, оқу материалдарын дайындауды жүйелеуге қалай көмектесетінін тәжірибе жүзінде көрді.
📒Осындай семинарлар ұстаздардың біліктілігін арттырып, заманауи технологияларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.