12
апрель
2024
“Білім берудегі ЖИ құралдары: мүмкіндіктері мен ауқымы” тақырыбында аудандық семинар
12 сәуір күні мектебімізде “Білім берудегі ЖИ құралдары: мүмкіндіктері мен ауқымы” тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинар барысында мұғалімдерге сабақты жоспарлау, тест сұрақтарын құру, презентация немесе видео форматындағы материалдарды дайындау тәрізді күнделікті орындалатын тапсырмаларды автоматтандыруға көмектесетін ЖИ құралдарының практикадағы қолданысы көрсетілді. Сондай-ақ, әр оқушының білім деңгейі мен ерекшеліктерін ескере отырып, жекелендірілген оқыту бойынша ЖИ мүмкіндіктері қарастырылды.