Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Декабрь 2025 года » Страница 4
«Ұлттық зияткерлік ойындар» тақырыбында ашық сабақ
12
декабрь
2025
«Ұлттық зияткерлік ойындар» тақырыбында ашық сабақ
«Білім әлеміндегі жас мамандар» апталығы аясында Дене шынықтыру пәні мұғалімі — Тұман Нұржас 4 «Ә» сыныбында «Ұлттық зияткерлік ойындар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 🎯 Сабақ барысында оқушылар қазақ халқының дәстүрлі ойындары арқылы логикалық ойлау, шапшаңдық және топпен жұмыс дағдыларын дамытты. Мақсат – ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, оқушылардың дене және зияткерлік қабілетін арттыру.
«Қисық бетімен жұмыс. Canva бағдарламасы» ашық сабақ
12
декабрь
2025
«Қисық бетімен жұмыс. Canva бағдарламасы» ашық сабақ
Ашық сабақ — 5Д сынып Тақырыбы: «Қисық бетімен жұмыс. Canva бағдарламасы» Пән мұғалімі: Жұматай Салтанат Бүгінгі информатика сабағы — шығармашылыққа толы шағын шеберхана болды! 🎨💻 Оқушылар Canva әлеміне саяхат жасап, қисық бетімен жұмыс істеу құралының мүмкіндіктерін зерттеді. 📸 ЖИ көмегімен жасаған «Тәуелсіздік күні» тақырыбындағы суреттерін редактордың түрлі эффектілерімен түрлендіріп, жұппен талқылап, бір-біріне кәсіби фотографтарша керемет пікір айтты. ⏱ Уақытты тиімді басқару үшін сабақта
2–7 сыныптар арасындағы аудандық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
12
декабрь
2025
2–7 сыныптар арасындағы аудандық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының
Жас ғалымдар жетістігі! Мектебімізде 2–7 сыныптар арасындағы аудандық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 🔬 Оқушылар өз зерттеулері арқылы ғылымға деген қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. 🏅 Жеңімпаздар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталып, мақтанышқа айналды. 📚 Ғылымға деген алғашқы қадам — үлкен болашақтың бастауы! https://www.instagram.com/reel/DSKHPQeiE9T/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
“Білім әлеміндегі жаңа есімдер” атты жас мамандар апталығына орай ағылшын тілі пәні мұғалімдері оқушылармен көңілді үзіліс ұйымдастырды
12
декабрь
2025
“Білім әлеміндегі жаңа есімдер” атты жас мамандар апталығына орай
​https://www.instagram.com/reel/DSKCp0yCCoL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​2025 жылдың 12 желтоқсан күні “Білім әлеміндегі жаңа есімдер” атты жас мамандар апталығына орай ағылшын тілі пәні мұғалімдері оқушылармен көңілді үзіліс ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың белсенділігін арттыру, сергіту, жағымды эмоция қалыптастыру және оқу үдерісіне ынтасын күшейту болды. Үзіліс барысында оқушылар белсенді ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл күйде демалды.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай оқушылар арнайы сурет көрмесіне қатысып, өздерінің еліне, жеріне деген жүрекжарды сүйіспеншілігін бейнелеу арқылы жеткізді.
12
декабрь
2025
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай оқушылар арнайы сурет
№201 мектеп-гимназиясы 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай оқушылар арнайы сурет көрмесіне қатысып, өздерінің еліне, жеріне деген жүрекжарды сүйіспеншілігін бейнелеу арқылы жеткізді. 🖼️ Әр оқушының жұмысы – Отанға деген мақтаныштың, еркіндіктің, бірліктің символы. ✨ Бояулар арқылы туған елінің тарихын, болашағына деген сенімін суреттеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. 🇰🇿 Бұл көрме – жас ұрпақтың патриоттық рухын нығайтып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейтін маңызды шара болды.
«Патриотизм — жасампаздық пен жаңашылдық» тақырыбында APF форматында дебат ойыны өтті.
12
декабрь
2025
«Патриотизм — жасампаздық пен жаңашылдық» тақырыбында APF форматында
Тәуелсіз елдің жастары — пікірмен қаруланған! Алаш дебат клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 34 жылдығына орай «Патриотизм — жасампаздық пен жаңашылдық» тақырыбында APF форматында дебат ойыны өтті. 🗣 Оқушылар өз көзқарасын еркін жеткізіп, патриотизмді қазіргі заман тұрғысынан талқылады. 💬 Дебат барысында тың идеялар мен өзекті ойлар айтылып, пікірталас мәдениеті мен шешендік қабілетi дамыды. 🔹 Пікір мен парасат тоғысқан алаң — нағыз көшбасшылардың мектебі!
«Жану үдерісі» тақырыбына ашық сабақ өтті.
11
декабрь
2025
«Жану үдерісі» тақырыбына ашық сабақ өтті.
Химия пәнінен жас мамандар апталығы аясында Орынбасарова Дильназ «Жану үдерісі» тақырыбына ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: - затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін білу; - ⁠тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға мысалдар келтіру. Оқушыларда қалыптасатын ATL дағдылары: 📍коммуникация дағдысы 📍зерттеу дағдысы 📍сыни ойлау 📍құндылық ​https://www.instagram.com/reel/DSKJbxFCMcy/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
«Біртұтас ел – біртұтас жер – Отанқорғаушылар» тақырыбында АӘД пәнінің мұғалімі Абылай Имашевич патриоттық бағыттағы тәрбиелік сөз сөйледі
11
декабрь
2025
«Біртұтас ел – біртұтас жер – Отанқорғаушылар» тақырыбында АӘД
Жаңа жыл – қуаныш пен қауіпсіздік мерекесі! Жаңа жыл қарсаңында мектебімізде пиротехникалық құралдарды қауіпсіз қолдану бойынша алдын алу түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға отшашу мен жарылғыш заттардың қаупі түсіндіріліп, сақтық шаралары таныстырылды. 🛡 Сонымен қатар «Біртұтас ел – біртұтас жер – Отанқорғаушылар» тақырыбында АӘД пәнінің мұғалімі Абылай Имашевич патриоттық бағыттағы тәрбиелік сөз сөйледі. Ұрпақ бойына елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін ұялатуға