«Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар» тақырыбында түсіндіру және оқыту
2025 жылғы 22 желтоқсан күні 1–11 сынып оқушыларымен «Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар» тақырыбында түсіндіру және оқыту әңгімелері ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың түрлері, олардың салдары, заң алдындағы жауапкершілік және жеке қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылды. Мектепке жауапты учаскелік инспектор полиция капитаны Нұрбек Айза түсіндіру жұмысын жүргізді.