"Қыз балалар гигиенасы" тақырыбында гинеколог-маманмен кездесу өтті.
Қыз балаларға — маңызды кездесу! Бүгін мектепте жоғары сынып оқушыларына арналған *қыз балалар гигиенасы* тақырыбында гинеколог-маманмен кездесу өтті. Кездесу барысында жасөспірім қыздарға тән тазалық, жеке күтім, денсаулықты сақтау, өз-өзіне сенімді болу туралы маңызды ақпараттар берілді. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауап алды. 🩺 Мұндай ашық әрі пайдалы кездесулер — жасөспірімдердің сауатты, дені сау тұлға болып қалыптасуына үлкен қадам.