Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сентябрь 2025 года
Педконсилиум
30
сентябрь
2025
Педконсилиум
2-11 сынып оқушыларынан алынған бастапқы білім кесімдісінің нәтижесін бірлестік бойынша пән мұғалімдерімен педконсилиум өткізілді. Педконсилиум барысында төмен баға алған оқушылардың олқылықтарын анықтап, жұмыс жоспары құрылды. ​https://www.instagram.com/p/DPL-EXaCIFh/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Оқушылардың денсаулық сауаттылығын арттыру мақсатында дәрігер-мамандармен кездесу өтті
30
сентябрь
2025
Оқушылардың денсаулық сауаттылығын арттыру мақсатында
Менингит — алдын алуға болатын ауру! ⠀ Мектебімізде оқушылардың денсаулық сауаттылығын арттыру мақсатында дәрігер-мамандармен кездесу өтті. ⠀ Кездесу барысында менингит ауруының белгілері, алдын алу жолдары, жеке гигиенаның маңызы және дер кезінде дәрігерге қаралудың қажеттілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді. ⠀ Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы мағлұмат алды. ⠀ 📌 Денсаулық — басты байлық!
11 «Б» сынып оқушыларымен орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізілді.
30
сентябрь
2025
11 «Б» сынып оқушыларымен орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақ
2025 жылғы 30 қыркүйекте №201 мектеп-гимназиясында 11 «Б» сынып оқушыларымен орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақты пән мұғалімі Абдикаримова Лаура Сериковна жүргізді. 🔹 Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың әлеуметтік-мәдени және қоғамдық-саяси лексиканы меңгеруі, публицистикалық стильдің ерекшеліктерін анықтап, мақала жазу дағдысын дамыту. 👩‍🎓 24 оқушы сабаққа белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізіп, публицистикалық мәтіндер құрастырып шықты. ✅ Нәтиже: Оқушылар
Шетел тілі бірлестігінің онкүндігі салтанатты түрде ашылды
29
сентябрь
2025
Шетел тілі бірлестігінің онкүндігі салтанатты түрде ашылды
2025 жылдың 29 қыркүйегінде №201 мектеп-гимназиясында шетел тілі бірлестігінің онкүндігі салтанатты түрде ашылды. Биылғы онкүндік “Language in Action: Fit Body – Bright Mind. Язык в действии: Здоровое тело - ясный разум” тақырыбымен ұйымдастырылды. Ашылу рәсімі барысында оқушылар ән айтып, би билеп, спорттық қойылымдар көрсетіп, түрлі ойындарға белсене қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытты. Онкүндіктің басты мақсаты – оқушылардың шетел тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру,
Шетел тілі бірлестігі онкүндігі
29
сентябрь
2025
Шетел тілі бірлестігі онкүндігі
№201 мектеп-гимназиясында 29.09-10.10.2025ж аралығында “Language in action: Fit body - bright mind. Язык в действии: здоровое тело – ясный разум” атты тақырыбымен шетел тілі бірлестігі онкүндігі өтіледі. Мақсаты: 1. Оқушылардың шетел тілін меңгеруге деген қызығушылығын арттыру. 2. Тіл арқылы салауатты өмір салты, денсаулық және спорт құндылықтарын насихаттау. 3. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәдениетаралық қарым-қатынасты кеңейту.
Ұстаздарға арналған құттықтау видео
29
сентябрь
2025
Ұстаздарға арналған құттықтау видео
Ұстаздарымызға алғысымыз шексіз! ⠀ Мектеп парламенті атынан барша мұғалімдер қауымын төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! ⠀ Сабыр мен сүйіспеншілікке толы еңбегіңіз үшін бас иеміз. Әр күніңіз шәкірттеріңіздің жетістігімен қуантсын, өміріңіз шаттық пен шабытқа толы болсын! ⠀ 📹 Ұстаздарға арналған құттықтау видеомызды қабыл алыңыздар! ​https://www.instagram.com/reel/DPLKfVnjMQz/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​