«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
Back to school «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жоспар аясында өз жұмысын бастады. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасынан шыққан 50 оқушыға оқу құралдары салынған сөмке, 4 оқушыға мектеп формасы табысталды. Оқушылардың мектепке дайындығына көмек көрсеткен ата-аналарымызға, сынып жетекшілерге мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс білдіреміз! «Мектепке жол» акциясы 1 тамыз бен қыркүйек айының 30 жұлдызына дейін жалғасады. Жақсылық жасап жарысайық!