Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
11 сынып бітіруші түлектеріме кездесу өткізілді
19
май
2023
11 сынып бітіруші түлектеріме кездесу өткізілді
2023 жылдың 19 мамыр күні мектебіміздің 11 сынып бітіруші түлектерімен мектеп директоры Шамова Арайлым Мәтжанқызы және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Иманалиева Жұлдыз Мұсақызы кезекті кездесу өткізді. Мақсаты : - Мектеп түлектеріне ҰБТ ережесімен таныстыру - Мемлекеттік бітіру қорытынды аттестаттау емтиханына психологиялық , ұйымдастырушылық дайындығын қамтамасыз ету.
“Компьютерлік ойындар тұлғаны дамытады”  тақырыбында дебат ойыны өткізілді
12
май
2023
“Компьютерлік ойындар тұлғаны дамытады” тақырыбында дебат ойыны
2023 жылдың 12 сәуір күні, мектебіміздің “Дебат клубы” 8-9 сынып оқушылары арасында “Компьютерлік ойындар тұлғаны дамытады” (иә немесе жоқ?) тақырыбында дебат ойыны өткізілді. Мақсаты: белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу. ВИДЕО
“Көкөністер жәрмеңкесіне” шақырамыз!
12
май
2023
“Көкөністер жәрмеңкесіне” шақырамыз!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Сіздерді мектеп жылыжайында өтетін “Көкөністер жәрмеңкесіне” шақырамыз! Жәрмеңкеде 6-сынып оқушылары экология факультатив сабағында өсірген, экологиялық таза өнімдер: қызыл болгар бұрышы, шалғам, аскөктер сатылымда болады. Өтетін орны: мектеп жылыжайы Күні: 12.05.2023ж. Уақыты: 12:30-13:30 ВИДЕО
«Алматы БАЛАFEST-2023» фестивалі басталды
11
май
2023
«Алматы БАЛАFEST-2023» фестивалі басталды
«Алматы БАЛАFEST-2023» фестивалі басталды Фестиваль халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған. Оның аясында оқушылар арасында 7 бағыт бойынша байқау өтеді. Балалар бейнелеу өнерінде робототехникада, спортта, әдебиетте және т.б. жарысады. Байқау 3 кезеңде өтеді: мектеп, аудан, қала. Оған 300 мыңнан астам бала қатысады. 1 маусымда жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Сол күні кішкентай қала тұрғындары үшін ауқымды мәдени-ойын-сауық бағдарламасы өтеді. Балалар үшін танымдық ойындар,
“ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ” жобасының қола медаль иегерлері
11
май
2023
“ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ” жобасының қола медаль иегерлері
Мектебіміздің 8 “Ә” сынып оқушысы Изтаев Мұхаммед Талғатұлы және 8 “Б” сынып оқушысы Айдынқызы Кәусар “ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ” жобасының қола медаль иегері атанды.
“Алтын сақа” олимпиадасының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау
21
апрель
2023
“Алтын сақа” олимпиадасының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын
“ZERDELI” ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастырумен 3-4 сынып оқушыларына арналған “Алтын сақа” олимпиадасының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау сәті өтті. Мектеп-гимназиямыздан төмендегі оқушылар орын алды: 1-орын 4“Г”сынып оқушысы:Біржан Марал. 2-орын 3“Б” сынып оқушысы: Рашит Ерсайын 3-орын 4”Б”сынып оқушысы: Серік Асылназ 3-орын 3”Ә”сынып оқушысы: Ералы Зұлқайыр. Оқушыларымыз 12-13 мамыр күні өтетін “Алтын сақа”олимпиадасының қалалық кезеңіне жолдама алды. Сәттілік тілейміз!!!
“Бояулар құпиясы” АРТ-байқауы
21
апрель
2023
“Бояулар құпиясы” АРТ-байқауы
2023 жылдың 21 сәуір күні, Алатау ауданы №201 мектеп-гимназиясында Балалар жылына арналған “BALAFEST” фестивалінің “Бояулар құпиясы” АРТ-байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Алатау ауданы білім бөлімінің басшысы @akmurzaevakarlygash және №201 мектеп-гимназия директоры @shamova_arailym сөз сөйледі, және ДТІЖО Қошмағанбетов О.А. байқаудың ережесімен таныстырды. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: 1) Балаларға эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем
Мектепішілік дебат-пікірталас ойыны
11
апрель
2023
Мектепішілік дебат-пікірталас ойыны
2023 жылы 11 сәуір күні, мектебіміздің “ДЕБАТ” клубы “Жаңа қазақстандық патриотизм - көпұлтты еліміздің болашағының негізі” тақырыбында 8-9 сыныптарының қатысуымен мектепішілік дебат-пікірталас ойынын өткізді. Негізгі мақсаты: оқушының ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Ойын барысында, тақырып бойынша сұрақтарға талдау жүргізіліп, белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.
"Ілияс Жансүгіров оқулары"
05
апрель
2023
"Ілияс Жансүгіров оқулары"
Алматы қаласы Білім басқармасының “Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен 5 сәуір күні 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық "Ілияс Жансүгіров оқулары" шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқау 3 бағыт бойынша өткізілді. Байқауға төмендегі оқушылар қатысып, жүлделі орын иегері атанды 1-бағыт бойынша “Ілияс - қазақ поэзиясының жыр құлагері". Ақын өлеңдерін жатқа айту Байтөре Азамат 8 "г" 3 орын Жетекшісі: