Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Тотығу–тотықсыздану реакцияларын математикалық әдіспен теңестіру» — STEM сабағы өтілді.
11
ноябрь
2025
«Тотығу–тотықсыздану реакцияларын математикалық әдіспен теңестіру» —
«Тотығу–тотықсыздану реакцияларын математикалық әдіспен теңестіру» — STEM сабағы өтілді. Бүгін оқушылар химия мен математиканың байланысын нақты тәжірибелер арқылы түсініп, электрондардың қозғалысын өздері теңестіріп шықты. Зерттеу, тәжірибе, математикалық теңдеу – бәрі бір сабақта болды. Химия мен математика — қызық, ал дұрыс ұйымдастырылған сабақ — оқушыларға шабыт берді! ​https://www.instagram.com/reel/DQ_HxDVCBfF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
«IB MYP аккредитациясына дайындық: халықаралық мектептердің үздік тәжірибелері мен практикасы»
06
ноябрь
2025
«IB MYP аккредитациясына дайындық: халықаралық мектептердің үздік
Сингапур елінде өткен «IB MYP аккредитациясына дайындық: халықаралық мектептердің үздік тәжірибелері мен практикасы» атты халықаралық кәсіби даму бағдарламасына қатысып, оны сәтті аяқтаған әріптестеріміз өз тәжірибелері мен алған білімдерін мектеп ұжымымен бөлісті.- Тағылымдама барысында алынған тәжірибе нәтижесінде өз контекстімізге бейімделген жаңа идеялар мен даму бағыттары айқындалды. - Сондай-ақ, IB MYP аккредитациясына дайындық аясында атқарылатын жұмыс бағыттары талқыланды.
«Инновациялық көзқарас – оқыту сапасын арттырудың заманауи шарты»тақырыбында екінші педагогикалық кеңес өтті.
30
октябрь
2025
«Инновациялық көзқарас – оқыту сапасын арттырудың заманауи
Мектебімізде «Инновациялық көзқарас – оқыту сапасын арттырудың заманауи шарты»тақырыбында екінші педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес барысында І тоқсандық кіріс әкімшілік бақылау қорытындысы бойынша оқу үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін түзету жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды. ​https://www.instagram.com/reel/DQd4KVEiM3H/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
«Ұстаз — ұлы тұлға!»
02
октябрь
2025
«Ұстаз — ұлы тұлға!»
 «Ұстаз — ұлы тұлға!» Мектебіміздің 6-7 сынып оқушылары өз жүрекжарды лебізін бейнеқұттықтау арқылы жеткізді. 📚 Әр кадрдан ұстазға деген алғыс, жылулық пен құрмет сезіледі. Бұл — шәкірттерден шынайы рақмет! 💐 Барша ұстаздарымызға мықты денсаулық, шабыт пен жарқын күндер тілейміз! Сіздерге мың алғыс! https://www.instagram.com/p/DPUHKpjCJqf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Педконсилиум
30
сентябрь
2025
Педконсилиум
2-11 сынып оқушыларынан алынған бастапқы білім кесімдісінің нәтижесін бірлестік бойынша пән мұғалімдерімен педконсилиум өткізілді. Педконсилиум барысында төмен баға алған оқушылардың олқылықтарын анықтап, жұмыс жоспары құрылды. ​https://www.instagram.com/p/DPL-EXaCIFh/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Ұстаздарға арналған құттықтау видео
29
сентябрь
2025
Ұстаздарға арналған құттықтау видео
Ұстаздарымызға алғысымыз шексіз! ⠀ Мектеп парламенті атынан барша мұғалімдер қауымын төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! ⠀ Сабыр мен сүйіспеншілікке толы еңбегіңіз үшін бас иеміз. Әр күніңіз шәкірттеріңіздің жетістігімен қуантсын, өміріңіз шаттық пен шабытқа толы болсын! ⠀ 📹 Ұстаздарға арналған құттықтау видеомызды қабыл алыңыздар! ​https://www.instagram.com/reel/DPLKfVnjMQz/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық байқауының нәтижесі
24
сентябрь
2025
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық байқауының нәтижесі
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық байқауының қалалық кезеңінен І орын иеленген 2 оқушымыз Республикалық кезеңге жолдама алды. Сафар Шынар 10-сынып – І орын, жетекшісі: Серик Альмира Имангалиев Таир 9-сынып – І орын, жетекшісі: Қуанышбаев Марат 3 оқушымыз жүлделі орындармен марапаттылды: Нарынбек Жүніс 8-сынып – ІІ орын, жетекшісі: Әзіл Заманбек Алиакбар Нұрбану 11-сынып - ІІІ орын, жетекшісі: Көкен Ерасыл Қадыр Қуаныш 9-сынып – ІІ орын, жетекшісі: Жұртбай Бекжан Құтты болсын!
“Жаңа леп, жаңа бастама ” атты жас мамандарға арналған жиын
22
сентябрь
2025
“Жаңа леп, жаңа бастама ” атты жас мамандарға арналған жиын
Бүгін мектебімізде “Жаңа леп, жаңа бастама ” атты жас мамандарға арналған жиын өтті. Мақсаты — әдістемелік қолдау көрсету, білім беру процесіне бейімдеу және кәсіби әлеуетін арттыру болды. 🔹 Жиын барысында жас мамандар оқу орнының ішкі тәртібімен, жұмыс бағыттарымен танысты. 🔹 Практикалық кеңестер беріліп, пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды. 🔹 Алғашқы еңбек жолына қадам басқан мамандар өз ойларын ортаға салып, болашаққа деген сенімдерін білдірді.
Жаңадан қабылданған жас мамандарға әдістемелік және кәсіби қолдау
10
сентябрь
2025
Жаңадан қабылданған жас мамандарға әдістемелік және кәсіби қолдау
2025 жылдың 10 қыркүйек күні мектебімізге жаңадан қабылданған жас мамандарға әдістемелік және кәсіби қолдау көрсету мақсатында жиналыс өтті. Жиналыс барысында, мектеп басшысы жас мамандарды педагогикалық этиканы сақтау, әр оқушының жеке ерекшелігін ескеріп жұмыс жасау, сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану, ЖИ-нің озық технологиясын пайдаланып, жан-жақты, шығармашыл болуға шақырды. Сондай-ақ, тәжірибе алмасу, кәсіби даму курстары мен семинар-тренингтерге қатысу мүмкіндіктері айтылды.
Cынып жетекшілер штабының отырысы
09
сентябрь
2025
Cынып жетекшілер штабының отырысы
Бүгін мектебімізде 2025–2026 оқу жылына арналған сынып жетекшілер штабының отырысы өтті. 📝 Отырыста келесі мәселелер қаралды: 1️⃣ Жаңа оқу жылына арналған мектептің жылдық тәрбие жоспары таныстырылды. 2️⃣ Сынып жетекшілерінің тәрбие бағытындағы жылдық жоспарлары талқыланды. 3️⃣ Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, жолда жүру ережесі мен өрт қауіпсіздігіне қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 4️⃣ Әртүрлі маңызды мәселелер қарастырылды. 🔹Шараға мектеп инспекторы Нұрбек Айза да