Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Заманауи платформалар және жасанды интеллект мүмкіндіктері” тақырыбында семинар
06
январь
2025
“Заманауи платформалар және жасанды интеллект мүмкіндіктері”
06.01.2025 күні мектебімізде “Заманауи платформалар және жасанды интеллект мүмкіндіктері” тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Каканова Бағлан Ахметқанқызы семинар өткізді. Заманауи платформалар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін сабақ үдерісіне енгізу бойынша бағыт бағдар беріп, іс- тәжірибесімен бөлісті. ВИДЕО
30.12.2024 күні №3 педагогикалық кеңес өтті
30
декабрь
2024
30.12.2024 күні №3 педагогикалық кеңес өтті
30.12.2024 күні №3 педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде мектептің өзекті мәселелері қарастырылып, екінші тоқсанды және 2024 жыл жетістіктерін қорытындыладық. Мектептің даму жоспары бойынша үшінші тоқсанға жұмыс мақсаты айқындалды. ВИДЕО
2024-2025 оқу жылының бірінші жарты жылдығы бойынша жетістікке жеткен оқушыларды марапаттау рәсімі
26
декабрь
2024
2024-2025 оқу жылының бірінші жарты жылдығы бойынша жетістікке жеткен
2024 жылдың 26 желтоқсан күні 2024-2025 оқу жылының бірінші жарты жылдығы бойынша жетістікке жеткен оқушыларды марапаттау рәсімі болды. 2-7 сынып оқушылары арасында “Зерде” ғылыми жобалар конкурсы бойынша ауданнан 18 оқушы жүлделі орындарға ие болса, оның ішінде 5 оқушы қалалық кезеңге қатысып, 3 оқушы 2,3-орындарды иеленді. 8-11 сынып оқушылар арасындағы ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне 5 оқушы қатысып, оның үшеуі 1,2,3 орындарды иеленді. Пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінен 36
IB ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
20
декабрь
2024
IB ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
IB ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ Бүгін, ұстаздармен IB бағдарламасы бойынша @zaman_school.kz мектебінде қалалық тәжірибе алмасу болды. Мектепте PYP және MYP бағдарламасымен танысып, алдағы уақытта бірлескен жұмыс туралы талқыланды. Өз еңбектерімен бөлісіп, ашықтық танытқан Тілектес ханымға және ұжымына алғыс айтамыз.
“Педагогикалық идеялар” республикалық фестивалінің аудандық кезеңінен жүлделі орындар
17
декабрь
2024
“Педагогикалық идеялар” республикалық фестивалінің аудандық кезеңінен
“Педагогикалық идеялар” республикалық фестивалінің аудандық кезеңінен музыка пәні мұғалімі Иса Дамира ІІ орын; қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қасымхан Мәншүк ІІІ орын; тарих пәні мұғалімі Досымова Гулдерхан ІІІ орынды иеленді! Құттықтаймыз!
“Білім берудегі жасанды интеллект: Canva & Google Gemini”
13
декабрь
2024
“Білім берудегі жасанды интеллект: Canva & Google Gemini”
“Білім берудегі жасанды интеллект: Canva & Google Gemini” Алматы қаласының мұғалімдеріне арналған инновациялық байқауда мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Досымова Гүлдерхан Казихановна қатысып, бағалы сыйлықпен марапатталды. Гүлдерхан Казихановнаны жетістігімен құттықтаймыз!
“Уақыттың қадірі” тақырыбында ашық сабақ
12
декабрь
2024
“Уақыттың қадірі” тақырыбында ашық сабақ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер онкүндігі аясында 5 “Б” сыныбымен “Уақыттың қадірі” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты:Оқушыларға уақыттың құндылығы мен оны тиімді пайдалану қажеттілігін ұғындыру,өмірлік дағдыларды қалыптастыру Пән мұғалімі: Кұнанбаева Арайлы Әсетқызы ВИДЕО
“Тарихи тұлғалар өмірі ” тақырыбында ашық сабақ өткізілді
12
декабрь
2024
“Тарихи тұлғалар өмірі ” тақырыбында ашық сабақ өткізілді
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында қазақ тілі сабағынан 6Б сынып оқушыларымен “Тарихи тұлғалар өмірі ” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: Тарихи тұлғалардың өмірбаяны мен олардың қоғамға қосқан үлестері туралы негізгі мәліметтерді тану. Пән мұғалімі: Айша Ғалымжанқызы ВИДЕО
«Мен –көшбасшымын!» атты білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшыларының 3-қалалық слеті өтілді
11
декабрь
2024
«Мен –көшбасшымын!» атты білім беру ұйымдарының мектеп және
11 желтоқсан 2024 жылы Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Мен –көшбасшымын!» атты білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшыларының 3-қалалық слеті өтілді . Жалпы қалалық слетке мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының президенті Есқали Айнара Дастанқызы ашық диалог алаңында баяндама қорғап, үздік нәтиже көрсеткені үшін марапатталды.
“Тарихи тұлғалар тағылымы” атты 6 “г” сыныбымен ашық сабақ өткізілді
11
декабрь
2024
“Тарихи тұлғалар тағылымы” атты 6 “г” сыныбымен ашық сабақ өткізілді
Қазақ тілі мен әдебиет пәндері онкүндігі аясында “Тарихи тұлғалар тағылымы” атты 6 “г” сыныбымен ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушылардың тарихи тұлғаларға деген ойын кеңейту. Оқушыларға шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру. Пән мұғалімі: Қасымхан М.Қ ВИДЕО