Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Мен қазақпын!” флешмобы
23
октябрь
2024
“Мен қазақпын!” флешмобы
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 25 қазан - Республика күніне орай 725 оқушының қатысуымен “Мен қазақпын!” флешмобы ұйымдастырылды. ВИДЕО
Республика күніне орай 10”Ә” сынып оқушыларымен өткізілген сынып сағаты
21
октябрь
2024
Республика күніне орай 10”Ә” сынып оқушыларымен өткізілген сынып
“Менің Отаным- Қазақстан” атты тақырыпта, 25 қазан - Республика күніне орай 10”Ә” сынып оқушыларымен өткізілген сынып сағаты. Мақсаты: Оқушыларды туғаны жерін, елін құрметтеуге, Отанға деген патриоттық сезімін ояту ВИДЕО
“25 қазан - Республика күніне” орай ашық тәрбие сағаты
21
октябрь
2024
“25 қазан - Республика күніне” орай ашық тәрбие сағаты
8”Ә” сыныбында “25 қазан - Республика күніне” орай ашық тәрбие сағаты өтілді. Сабақтың мақсаты: оқушыларды қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар тәуелсіз ел екенін түсіндіріп, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу. ВИДЕО
Бүгінгі тәрбие сағаты
21
октябрь
2024
Бүгінгі тәрбие сағаты
Бүгінгі тәрбие сағаты – Қазақстан Республикасының күніне арналған, тәуелсіздігімізді, ұлттық бірлігімізді атап өтетін ерекше сәт. Біздің әрқайсымыз тәуелсіз еліміздің патриоты болуға, оның дамуына үлес қосуға, Қазақстанымызды әлемнің жарқын мемлекеті етуге міндеттіміз. 1 «Б» сыныбы сынып сағатынан үзінді. ВИДЕО
Киокушинкай каратэден жүлделі орын иегері
20
октябрь
2024
Киокушинкай каратэден жүлделі орын иегері
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы Киокушинкай каратэден SULTAN клубының ашық турнирінде 44 кг салмақта 5-В сынып оқушысы Нұсқабек Нұр-Мұхаммедали Талғатұлы 1-орын иеленді! Жеңісің құтты болсын, тек биіктен көріне бер!
“XXI ғасыр көшбасшысы” интеллектуалдылық сайысы
20
октябрь
2024
“XXI ғасыр көшбасшысы” интеллектуалдылық сайысы
“Ұлы тұлғалардың ұрпағы” атты қоғамдық пәндер бірлестігінің он күндігінде “XXI ғасыр көшбасшысы” интеллектуалдылық сайысы өтілді.Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. ВИДЕО
«Жарқын күз» жалпы қалалық сенбілік
19
октябрь
2024
«Жарқын күз» жалпы қалалық сенбілік
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН Бүгін 201 мектеп-гимназия ұжымы «Жарқын күз» жалпы қалалық сенбілікке белсене қатысты. Сенбілік — бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Барша қазақстандықтарды туған жерімізді таза ұстауға шақырамыз.
Шахматтан 2-11 сынып ұлдар-қыздар арасындағы қалалық олимпиада
19
октябрь
2024
Шахматтан 2-11 сынып ұлдар-қыздар арасындағы қалалық олимпиада
Шахматтан 2-11 сынып ұлдар-қыздар арасындағы қалалық олимпиададан Зиядин Малика жүлделі 1-орынға ие болып, республикаға жолдама алды. Жетекшісі: Кеңес Санат
«МҰҒАЛІМ -2024» спартакиадасында өткен тоғызқұмалақ ойыны нәтижесі
18
октябрь
2024
«МҰҒАЛІМ -2024» спартакиадасында өткен тоғызқұмалақ ойыны нәтижесі
Алматы қаласы білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасындағы «МҰҒАЛІМ -2024» спартакиадасында өткен тоғызқұмалақ ойыны нәтижесінде Алатау ауданы жүлделі 1-орынға иеленді!
«Мұғалім - 2024» спартакиадасы
18
октябрь
2024
«Мұғалім - 2024» спартакиадасы
«Мұғалім - 2024» спартакиадасының тоғызқұмалақ ойыны аудандық іріктеуден мектебіміздің мұғалімдері: ерлер арасында Қалдыбаев Азамат, қыздар арасында Көпжасар Нұрлы жүлделі 1-орынға ие болып, қалалық кезеңге аудан атынан қатысуға жолдама алды