Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №4 педагогикалық кеңес өткізілді
24
март
2026

№4 педагогикалық кеңес өткізілді

2025-2026 оқу жылының ІІІ тоқсанын қорытындылап кезекті №4 педагогикалық кеңес өткізілді.
Тақырыбы:
«Тоқсан қорытындысы: нәтижеден – жаңа мақсаттарға»
Педагогикалық кеңестің мақсаты:
III тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы, оқу жетістіктері, тәрбие жұмысы мен әдістемелік қызмет нәтижелерін саралау, жетістіктер мен проблемалық тұстарды анықтау, алдағы кезеңге нақты мақсат-міндеттер белгілеу.
Бұл тақырыптың өзектілігі – әр тоқсанның қорытындысы тек өткен кезеңнің есебі ғана емес, сонымен қатар алдағы жұмыстың бағытын айқындайтын маңызды кезең болып табылады.

Білім беру үдерісінде әрбір тоқсан – мұғалім еңбегінің, оқушы ізденісінің, ата-анамен бірлескен жұмыстың нақты нәтижесін көрсететін уақыт. Сондықтан біз бүгін тек көрсеткіштерді атап өтумен шектелмей, сол нәтижелердің астарындағы себептерді талдап, жетістіктерімізді жүйелеп, кемшіліктерімізді түзету жолдарын қарастыруымыз қажет.

Біздің басты міндетіміз – әрбір нәтиженің артында тұрған нақты жұмысты бағалау, білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын белгілеу және жаңа оқу мақсаттарына сенімді қадам жасау.

https://www.instagram.com/reel/DWRGQu1iIFn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив