Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыз еркем — анасымен көркем» атты байқау өтті
22
апрель
2025

«Қыз еркем — анасымен көркем» атты байқау өтті

22.04.24 жылы “Білімге жол - жарқын болашаққа қадам” атты бастауыш сыныптар апталығы аясында «Қыз еркем — анасымен көркем» атты байқау өтті.

⚜️Байқаудың мақсаты:
Ұлттың ұйытқысы болған аналар мен қыздардың арасындағы сыйластықты, махаббатты дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау, ана мен қыз арасындағы тәрбиелік байланысты көрсету.
Бұл байқаудың әр кезеңі ананың тәрбиесін, қыздың шеберлігін, зеректігін және өнерін танытуға арналған. Анасы мен қызы өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салды. Сұрақтарға нақты жауап беріп, ұлттық тағамдарымызды анасы мен қызы бірге әзірледі.
Бұл байқауда ананың ақылы мен қыздың қылығы жарасып, жүрекке жылу сыйлаған кеш болды.

Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде🏆 Жанболат Айкен, анасы Дүйсебаева Ақтоты Базарбайқызы 2 ”Ә” сынып
🥇Сайлаубек Раяна, анасы
Жумадилова Айжан Сқақбекқызы 2 ”Б” сынып
🥈Жеңіс Әнел, анасы Қырықбаева Бағила 1 “В” сынып
🥈 Исатай Айзере, анасы Турсынова Амангүл Ерланқызы 1 ”А”сынып
🥉 Сұлтанғали Айерке, анасы Егізбаева Шырын Сапарханқызы 2 ”Г” сынып
🥉Русланқызы Атина, анасы Ерсерікова Ырысты 1 ”Ә”сынып
Байқауға қатысушылар, сіздер – жеңімпазсыздар! Сіздер бір-біріңізге тірек, үлгі бола білдіңіздер! Жеңістеріңіз құтты болсын!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив