13
февраль
2025
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП, ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМНІҢ ЭТИКАСЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ» тақырыбында мектебіміздің ұжымына семинар
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП, ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМНІҢ ЭТИКАСЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ» тақырыбында мектебіміздің ұжымына семинар өткізілді. Семинарға психология ғылымдарының кандидаты, практик - психолог, Алматы менеджмент университетінің профессоры Сақтағанова Ділдә Сәрсенқызы , Алатау ауданының Білім бөлімі әдіскерлері Смағулова Алия Белгібаевна , Адамбекова Рита Омаровна қатысты. Семинарда мұғалімдерге педагогикалық әдептің ережелері, қағидаттары мен нормалары туралы айтылды. Педагогикалық әдептілік – бұл мұғалімнің педагогикалық ұжымда, оқушылармен және олардың ата-аналарымен абыройлы және ұстамды болу қабілеті. Сонымен қатар балаларға жан-жақты әсер ету, олармен ортақ тіл табысып, бір көзқараста бола отырып, оңтайлы тәрбиелік қатынастар құру мүмкіндігі. Педагогикалық әдептіліктің белгілері мен элементтері бар. Педагогикалық әдептіліктің басты белгісі – бұл мұғалімнің жеке басының адамгершілік мәдениеті, қарым-қатынас процесінде мұғалім мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты тиімді жүзеге асыру.