14
январь
2025
“Кітап оқиық!” жобасы
“Кітап оқиық!” жобасы 📚
2”Б” сыныбында 2-тоқсаннан бастап “Кітап оқиық!” жобасы іске асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың сөздік қорын, білімін жетілдіру және ой-өрісін кеңейту.
Жоба 3 кезеңнен тұрады, әр кезеңде ерекше белсенділік танытқан оқушылар марапатталады.
1-кезеңнің жеңімпазы – Ескентай Санжар! Оның кітапқа деген сүйіспеншілігі мен тынымсыз еңбегі лайықты бағаланды. Жобаға демеушілік көрсеткен қолдаушы атынан Санжарға “Жануарлар туралы ертегілер” атты кітап сыйға тартылды.
🌟 Кітап – білімнің кілті. Оқушыларымыздың білімге деген құлшынысын арттыруға бағытталған осындай жобалар жалғасын таба берсін!