18
ноябрь
2024
“Тәуелсіздік пен Отаншылдық” тақырыбында IQ Battle интеллектуалдық ойыны
18.11.2024 жылы 11 «Ә» сыныбында “Тәуелсіздік пен Отаншылдық” тақырыбында IQ Battle интеллектуалдық ойыны өтті. IQ Battle — бұл ойын форматында білімді тексеріп, қатысушылардың интеллектуалдық қабілеттерін анықтайтын сайыс. Ойынның негізгі мақсаты — қатысушылардың ойлау жылдамдығын, логикалық және аналитикалық дағдыларын дамыту, сондай-ақ түрлі тақырыптарда білімдерін тереңдету болып табылады. IQ Battle білім, зияткерлік қабілеттер, және шешім қабылдау дағдыларын тексеруге бағытталған сұрақтардан тұрды.Ойын жалпы 3 кезеңнен, Тәуелсіз еліміздің тарихы және логикалық сұрақтардан тұрды. Үш топқа бөлінген оқушылар сұрақтарға жауап беріп,логикалық тапсырмаларды орындап,тест сұрақтарын шешіп өте белсенді де қызықты,тартысты ойын көрсетті.Ойын барысында ең белсенді топ мүшелері Ы.Алтынсарин төсбелгісімен және де дипломмен марапатталды.Ойын соңында келген қонақтар балаларға өз тілектерін айтып,алғысын білдірді.
