“Лагерь сұлтаны” байқауы » КГУ "Школа-гимназия №201"
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Лагерь сұлтаны” байқауы
06
июнь
2024

“Лагерь сұлтаны” байқауы

Бүгін мектебімізде “FUN & SUN” жазғы лагерь жоспары бойынша, 3-4 сыныптар арасында “Лагерь сұлтаны” байқауы өткізілді. Байқауға 10 жігіт қатысып, өзара күш сынасты.
Байқаудың негізі мақсаты ер жігіттерді намысты, өжет, батыл, қайсарлыққа тәрбиелеу. Ата бабамыздан қалған ұлттық ойындарды ұлықтау.
Дене шынықтыру пәні мен көркем еңбек ұстаздары әділ төрелігін жасады.
Кіл мықтыдан, кім мықты болар екен деп көрермендер достарына жанкүйерлік танытты.
Барлық шарттан сүрінбей өтіп, бал көрсеткіші жоғары болған Ақылбек Исмаил “Лагерь сұлтаны-2024” атанды. Жеңімпаз белдігі тағылды.
Барлық қатысушылар, өздеріне тән көрермен көзайымы болып, мектеп басшысының мадақтау қағаздарымен марапатталды.

Ұйымдастырушы: музыка пәні жетекшісі Асет Маратұлы

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив