17
май
2024
БУККРОССНИГ аймағы ашылды
Жазғы демалыс қарсаңында «Мамыр – Ынтымақ айы» айлығы аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен кітапхана оқу залында арнайы БУККРОССНИГ аймағы ашылды. Аймаққа алғашқы болып келген 9 «В» сынып оқушысы Сабитов Бақдәулет және 8 «Ә» сынып оқушылары Сафар Шынар, Шыңғыс Ұлағат, Раджан Аяжан өздері оқыған кітаптарын кітап сүйер қауымға ұсынып, алаңнан өздері таңдаған кітаптарын оқуға алды.
Буккроссингтің мақсаты: еліміз бойынша барлық мектеп оқушыларын кітап оқуға шақыру, кітап ұсынымдарымен бөлісу және жаңа әдебиеттерді ашу. Буккроссингке мектебіміздің 1-11 сынып оқушылары қатыса алады.
Буккроссингтің міндеті: қазақстандық оқушыларды акцияға қатысуға тарту арқылы олардың оқу белсенділігін арттыру. «оқыдым – басқаға сыйлаймын» қағидасы бойынша, кітапқа екінші өмір сыйлауға оқушылардың
құштарлығын ояту
Буккроссингтің мәні - жазғы демалыста кітап оқу. Буккроссинг аясында «Досыңа кітап сыйла» акциясы өтеді. Акцияның кез келген қатысушысы оқыған кітабын әкеліп, басқа қатысушыға бере алады немесе басқа кітапқа ауыстырып оқуына болады.
Кітапхан меңгерушісі: Исабекова Тұрсын Разаққызы.