15
апрель
2024
“Earthquake competition” атты сайысы
“БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ” атты математика-жаратылыстану пәндерінің онкүндігі аясында 7-8 сыныптар арасында өткізілген “Earthquake competition” атты сайысынан үзінді. Сайыстың мақсаты жер сілкінісіне төзімді мұнара үлгісін жасау. Оқушылар мұнара жасау үшін клей мен ағаш таяқшаларын қолданды. Мұнараға қойылатын шарттар: биіктігі 50 см-ден кем болмауы керек, массасы 85 г-нан аспауы керек. Оқушылар осы шарттарды ескере отырып, 12.04.2024 күні өз жұмыстарын өткізді. Мұнаралардың сынама тесті 15.04.2024 күні өткізілді. Сынама тест нәтижесінде 7 “б” сынып оқушылары-1 орын, 7 “в” сынып-2 орын, 7 “г” сынып-3 орын алды. Бұл жарыс оқушылардың әр түрлі қырларының ашылуына септігін тигізді, өз қабілеттерін көрсетіп сайысқа қатысқан барлық оқушыларға алғысымыз шексіз!
Ұйымдастырушы мұғалім: Қараш Г.Ә
Ұйымдастырушы мұғалім: Қараш Г.Ә