14
февраль
2024
БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУЫНДАҒЫ БАЛЫҚТЫҢ ПАЙДАСЫ

14.02.24 күні дұрыс тамақтануды насихаттау мақсатында мектеп медбикесі балықтың адам ағзасына пайдасы мен зияны, калориялық құрамы, қасиеттері жайында түсінік берді. Оқушылар мұқият тыңдап, балықтың адам денсаулығына көп пайдасы бар екенін ұғынып, өз ойларын ашық айтып, ойларымен бөлісті.
Адамның тамақтануында балық маңызды орын алады. Ол ет өнімдеріне лайықты бәсекелестікке ие, оңай сіңеді, құрамында көптеген құнды микро-макро элементтер, ақуыздар мен қажетті май қышқылдары, дәрумендер бар. Балықтың ми қызметіне, жүрек пен қан тамырларының жұмысына, көру қабілетіне, сүйектер мен бұлшықеттердің өсуіне тигізетін пайдасы жоғары болғандыктан, балалардың тамақтануында балықты міндетті түрде қосу керектігі талқыланды