13
ноябрь
2023
«ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ» жобасы аясындағы СЕМИНАР САБАҚ

🔹қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігінің аясында № 93-мектептің мұғалімі Өтеген Бекет Үсенбекұлы ұстаздарға оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту бойынша арнайы семинар сабағын өткізді.
🔹Өтеген Бекет Үсенбекұлы — педагог-сарапшы, бірқатар ғылыми зерттеу және оқу-әдістемелік құралдар авторы, педагогика ғылымдарының магистрі, республикалық I педагогтер съезінің делегаты. Әріптесіміз бірнеше жыл қатарынан тіл білімі секциясы бойынша ғылыми жоба конкурсының жүлдегерлерін дайындап келеді.
🔹Жобаның мақсаты — озық педагогикалық іс-тәжірибелерді тарату, мұғалімдер арасында еркін әрі жаңашыл шығармашылық платформа қалыптастыру және жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету.
🔹Семинар сабақ барысында спикер оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдысын дамыту бойынша өзіндік іс-тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, оқылым дағдысын дамытуға арналған әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар жиынтығын таныстырды.
🔹Әдістемелік семинарда ұстаздар тәжірибе алаңында топпен жұмыс жасап,өзекті тақырыптарды талдады. Семинарды ұйымдастырушы. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Д.А.Бактыбаева.,Н.А.Жумина