«Өлең кернеп барады өзегімді» атты әдеби-сазды оқу кеші » КГУ "Школа-гимназия №201"
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өлең кернеп барады өзегімді» атты әдеби-сазды оқу кеші
08
ноябрь
2023

«Өлең кернеп барады өзегімді» атты әдеби-сазды оқу кеші

№201 мектеп-гимназиясы «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында кітапханашылардың ұйымдастыруымен көрнекті ақын, балалар әдебиетінің негізін салушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл және «Балдырған» журналының 65 жылдығына орай Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №33 кітапханада «Өлең кернеп барады өзегімді» атты әдеби-сазды оқу кеші өтті. Атаулы іс-шараға №201 мектеп-гимназияның 7 «А» сынып оқушылары қатысты. Сынып жетекшісі Дусимбаева М.Ү.
Іс-шараға «Балдырған» журналының бас редакторы публист-журналист, ауған соғысының ардагері, Мағлұмов Дүйсен Мүсірәліұлы және белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделхан қатысып ақынның өмірбаяны, шығармашылығы туралы естеліктерімен бөлісті. Мұзафар Әлімбаев төл әдебиетімізді өркендетуге елеулі үлес қосқан, мәдениетіміз бен өнерімізді дәріптеуге зор еңбек сіңірген сөз зергері. Ол, алпыстан астам кітап жазып, артында мол мұра қалдырды. Шығармалары шет тіліне аударылды. Қаламгердің сөзіне көптеген өлеңдер жазылып, халық арасына кең таралғаны туралы Дүйсен Мүсірәліұлы оқырмандарға мол мағлұмат берді. Өз кезегінде 7 «А» сынып оқушылары өздері дайындап келген ақынның өлеңдерін жатқа айтып белсенділік көрсетті. Кеш соңында оқушылар Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры М.Бектембаев-тың атынан «Алғыс хат»-пен марапатталды.
Шараның мақсаты – қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Мұзафар Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылығын, балалар әдебиетіндегі дәстүр сабақтастығын, балалар қаламгерлерінің жаңашылдығын, қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелерін насихаттау.
Кітапхана меңгерушісі: Исабекова Тұрсын Разаққызы.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив