29
декабрь
2022
Жаңа жылдық тәтті сыйлықтар
Бала қуанышы- өз қызығыңнан биік тұратын тұғырлы ұғым. Әр перзенттің пәк көңілін шаттыққа бөлеу білгір ұлтқа тән іс. Жаңа жыл – зор қуанышпен асыға күтетін, биік арман-мақсаттарды белгілейтін ғажайып мереке. Мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасынан шыққан оқушыларды мектеп-гимназия директоры Шамова Арайлым Мәтжанқызы келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, тілегін білдіріп тәтті сыйлықтар табыстады. Жаңа 2023 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт - береке әкелсін!