«Оқуға құштар мектеп» жобасы » КГУ "Школа-гимназия №201"
Municipal public
public institution
"Gymnasium school №201"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 231-77-37
bookkeeping:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы
17
May
2024

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай қалалық №33 балалар кітапханасымен бірлескен тарихи кеш өтті. Атаулы іс-шараға даңқты батырдың қызы Ұлағатты ұстаз Әлия Рақымжанқызы мен Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ардагер ұстаз, көрнекті мемлекет қайраткері Карабалина Орынша Жолмұратқызы қатысты. Іс-шара барысында мектебіміздің 7-8 сынып оқушылары батыр аталарына арналған өлең-жырдарды жатқа айтса, музыка пәнінің мұғалімі Ермаханов Бахтияр жетекшілік ететін «Балауса» тобы өздерінің орындауындағы патриоттық әндерін айтып, келген көпшіліктің ризашылығын алды. Тарихтан сыр қозғалып, әннен маржан төгілді. Іс-шара соңында Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы атынан «Балауса» тобы, жектешісі Ермаханов Бахтияр Маханбетиярұлы және 7 «А» сынып жетекшісі Дусимбаева Меруерт Үсенқызы «Алғыс хат» -пен марапатталды.
Мақсатымыз: болашақ ұрпаққа тарихи деректерден сұхбат беріп Отаны мен елі үшін қан кешіп туған жерін қорғаған батырларымыздың ерлігін насихаттау.
Кітапхана меңгерушісі: Исабекова Тұрсын Разаққызы.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив