7 сынып оқушылары арасындағы «Абай оқулары» » КГУ "Школа-гимназия №201"
Municipal public
public institution
"Gymnasium school №201"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 231-77-37
bookkeeping:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
» » 7 сынып оқушылары арасындағы «Абай оқулары»
02
февраль
2023

7 сынып оқушылары арасындағы «Абай оқулары»

«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында кітапханамызда «Кітап оқимыз» дәстүрімен 7 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» болды. Жетекшісі Дусимбаева Меруерт Үсенқызы. Іс-шараға келген оқырмандар «Абай – дара, Абай – дана..» атты кітап көрмесімен танысты. Қарасөз оқуда 7 «Ә» сынып оқушылары Сафар Шынар, Шыңғыс Ұлағат, және 7 «Б» сынып оқушылары Асанұлы Әли мен Дәркенбай Кәусар белсенділік танытып, іс-шараға қатысқан оқырмандарға өз пікірлерін айтты. Іс-шара соңында 7 «Ә» сынып оқушысы Сафар Шынар Абайдың 30-шы қарасөзі мен 5-ші қарасөзін жатқа айтып, ауданда болатын Абай оқулары конкурсына жолдама алды.
Мақсатымыз: Schoolchildren қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл, сазгері Абай Құнанбаевтың шығармашылығын таныту. Абай шығармаларын сүйіп, мәнерлеп оқуға баулу, рухани асыл мұраларын насихаттап, тәрбиелеу, өмірін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлағын арттыру.
Кітапхана меңгерушісі Исабекова Тұрсын Разаққызы.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив