«Бәріміз кітап оқиық...» клубы аясындағы танымдық оқу сағаты  » КГУ "Школа-гимназия №201"
Municipal public
public institution
"Gymnasium school №201"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 231-77-37
bookkeeping:
+7(72) 265-97-77
Version for
visually impaired
» » «Бәріміз кітап оқиық...» клубы аясындағы танымдық оқу сағаты 
12
December
2022

«Бәріміз кітап оқиық...» клубы аясындағы танымдық оқу сағаты 

Қажымұқан Мұңайтпасұлы
Gymnasium school №201сы
«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында кітапханамызда дәстүрлі түрде «Бәріміз кітап оқиық...» клубы аясында танымдық оқу сағаты болды. Танымдық оқу сағатында балалар жазушысы, ақын Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» атты шығармасын оқу және талдау. Іс-шараға 7 сынып оқушылары қатысты. Жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дусимбаева Меруерт Үсенқызы. Іс-шара барысында кітапхана меңгерушісі Исабекова Тұрсын Разаққызы қазақ топырағынан шыққан, кәсіпқойлар арасындағы классикалық күрес бойынша бірнеше дүркін әлем чемпионы атағын жеңіп алған атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының (7 сәуір 1871 ж.) өмір баяны мен қызықты естеліктері туралы баяндап берді. Оқушылар өздері оқыған жазушы Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» атты шығармасы туралы пікір алмасып, палуанның өмір баяны мен қызықты естеліктері туралы өз ойларымен бөлісті.
Мақсатымыз: Кітапханамыздың тұрақты оқырманы ретінде оқушылардың оқу үрдісін кеңейту. Өзіміздің ақын-жазушылырымыздың шығармаларын оқып, ата-бабаларымыздың ұлы тұлғалардың өмірі мен еңбектерін, олардың шығармашылығын дәріптеп, кейінгі ұрпаққа насихаттау. Ұлы тұлғалардан өнеге алу.
Исабеова Тұрсын Разаққызы.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив