«Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі» » КГУ "Школа-гимназия №201"
Municipal public
public institution
"Gymnasium school №201"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 231-77-37
bookkeeping:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
» » «Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі»
04
September
2024

«Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі»

2024 жылғы 4 қыркүйек күні № 201 мектеп - гимназиясында «Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі» тақырыбында 8-11 сынып арасында қыздар жиналысы өтті. Аталмыш шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Артыкбаева ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды. Мектеп педагог- психологы Ү. Халық мектеп жасындағы қыз балаларға арналған психологиялық кеңестер ұсынынды. Мектеп инспекторы А.Нұрбек қыздардың кешкі уақытта үйден шықпауын, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерді дұрыс қолдану туралы кеңестер айтып, буллинг және кибербуллингтің алдын алу бойынша , мектеп медбикесі Р. Клышмаганбетова қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады. Жиналыс соңында қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді. 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив