«Өлең кернеп барады өзегімді» атты әдеби-сазды оқу кеші » КГУ "Школа-гимназия №201"
Municipal public
public institution
"Gymnasium school №201"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 231-77-37
bookkeeping:
+7(72) 265-97-77
Version for
visually impaired
» » «Өлең кернеп барады өзегімді» атты әдеби-сазды оқу кеші
08
November
2023

«Өлең кернеп барады өзегімді» атты әдеби-сазды оқу кеші

Gymnasium school №201сы «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында кітапханашылардың ұйымдастыруымен көрнекті ақын, балалар әдебиетінің негізін салушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл және «Балдырған» журналының 65 жылдығына орай Municipal public Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №33 кітапханада «Өлең кернеп барады өзегімді» атты әдеби-сазды оқу кеші өтті. Атаулы іс-шараға Gymnasium school №201ның 7 «А» сынып оқушылары қатысты. Сынып жетекшісі Дусимбаева М.Ү.
Іс-шараға «Балдырған» журналының бас редакторы публист-журналист, ауған соғысының ардагері, Мағлұмов Дүйсен Мүсірәліұлы және белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделхан қатысып ақынның өмірбаяны, шығармашылығы туралы естеліктерімен бөлісті. Мұзафар Әлімбаев төл әдебиетімізді өркендетуге елеулі үлес қосқан, мәдениетіміз бен өнерімізді дәріптеуге зор еңбек сіңірген сөз зергері. Ол, алпыстан астам кітап жазып, артында мол мұра қалдырды. Шығармалары шет тіліне аударылды. Қаламгердің сөзіне көптеген өлеңдер жазылып, халық арасына кең таралғаны туралы Дүйсен Мүсірәліұлы оқырмандарға мол мағлұмат берді. Өз кезегінде 7 «А» сынып оқушылары өздері дайындап келген ақынның өлеңдерін жатқа айтып белсенділік көрсетті. Кеш соңында оқушылар Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры М.Бектембаев-тың атынан «Алғыс хат»-пен марапатталды.
Шараның мақсаты – қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Мұзафар Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылығын, балалар әдебиетіндегі дәстүр сабақтастығын, балалар қаламгерлерінің жаңашылдығын, қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелерін насихаттау.
Кітапхана меңгерушісі: Исабекова Тұрсын Разаққызы.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив