«Еркін елдің ұланымыз...», «Ешкім де ештеңе де ұмытылMayды» атты әдеби танымдық сағат » КГУ "Школа-гимназия №201"
Municipal public
public institution
"Gymnasium school №201"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 231-77-37
bookkeeping:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
» » «Еркін елдің ұланымыз...», «Ешкім де ештеңе де ұмытылMayды» атты әдеби танымдық сағат
09
May
2023

«Еркін елдің ұланымыз...», «Ешкім де ештеңе де ұмытылMayды» атты әдеби танымдық сағат

«№ 201 мектеп гимназиясы» мектеп кітапхансында кітапханашылардың ұйымдастыруымен 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр жеңіс күніне орай «Еркін елдің ұланымыз...», «Ешкім де ештеңе де ұмытылMayды» атты әдеби танымдық сағаты болды. Айтулы іс-шараға 4 «Б» сынып оқушылары қатысты. Сынып жетекшісі Каканова Бағлан Ахметкановна. Іс шараны 4 «Б» сынып оқушылары Мұқатай Рамазан мен Оралханова Алина жүргізсе, жас ұландар сапқа тұрып «Отан қорғаушылар» әнімен бастап, патриоттық өлеңдерін жатқа айтты. «Катюша» биін Айтқазиева Айсәуле мен Қожахмет Айзере билеп, сыныптың әнші қыздары «Ақ көгершін» әнін айтса, кішкентай отан қорғаушылар Қанат Сабыржан мен Оразхан Алинұр жоғары көтерілу жаттығуын (отжимание) жасап, өздерінің белсенділіктерін көрсетті.
Іс шара соңында республикаға танымыл, мектебіміздің әншісі Әбдіәмит Айбар «Моряк» биін билеп, «Атамекен» әнін нақышына келтіре орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді.
Мақсаты: Білімділік: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзету жайлы терең мағлұмат беру. Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өлеңді мәнерлеп оқу мәнерін, өнерлерін көрсете білуге, сахнада өздерін көрсете білу арқылы эстетикалық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды туған елін, жерін, Отанын, тілін, мәдениетін құрметтеп, тарихты терең бағалай отырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу;





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив