«Құстар біздің досымыз..» атты іс-шара » КГУ "Школа-гимназия №201"
Municipal public
public institution
"Gymnasium school №201"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 231-77-37
bookkeeping:
+7(72) 265-97-77
Version for
visually impaired
» » «Құстар біздің досымыз..» атты іс-шара
14
April
2023

«Құстар біздің досымыз..» атты іс-шара

«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында, кітапханашылардың ұйымдастыруымен ашық алаң Open Space-те «Құстар біздің досымыз..» атты іс-шара өтті. Атаулы іс-шараға 4 «А» сынып оқушылары қатысты. Сынып жетекшісі Жұмаділова Ләйләгүл Ыбырайқызы. Іс-шара барысында «Аққу», «Қарлығаш», «Көгершін» топтарына бөлінген оқушылар өз кезектерінде құстар туралы жұмбақ жарыстырып, мақал-мәтелдер айтты, құстар туралы өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.Ал, Серғазы Мирас, Иемберген Нұрислам, Райза Рамазан, Дәуренұлы Жәнібек, құстарға ұя жасап әкелді. Іс-шара соңында оқушылардың орындауында «Ақ көгершін» әні айтылып, белсене қатысқан оқушыларға мектеп басшысы атынан «МАДАҚТАМА» берілді.
Мақсаты: Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстардың пайдасы жайлы мағлұмат беру, барлық тыныс-тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшілігін байқату.
Тәрбиелік: Отанын, жерін, табиғатты сүюге, аң-құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес, тіршіліктің де әртүрлі болатынын дәлелдеу.
Исабекова Тұрсын Разаққызы.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив