«FUN&SUN» лагері » КГУ "Школа-гимназия №201"
Municipal public
public institution
"Gymnasium school №201"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 231-77-37
bookkeeping:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
07
June
2024

«FUN&SUN» лагері

Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагері де өз жұмыстарын бастады. Жазғы демалыс маусымы — балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды демалдыру жыл сайын дәстүрге айналған шара. Биыл мектебімізде «FUN&SUN» мектеп жанындағы лагері әдеттегідей өз жұмысын 27 мамыр күні бастап кетті.«FUN&SUN» лагері өзінің алдына міндеттер мен мақсаттарын белгілеп, бағдарлама негізінде жұмыс жоспарлары жасалынды.Лагерьдің жұмыс уақыты 09:00-ден 15:00-ге дейін өтті.
27 мамыр күні «Бақытты балалық шақ» тақырыбында іс- шаралар ұйымдастырылып, лагердің ашылуына арналған салтанатты сап жиыны өткізіліп, түрлі балаларға арналған іс- шара ерекше форматта өтті. Ағылшын клубы , жазғы сауықтыру лагері, дене шынықтыру мұғалімдері ұйымдастыруымен өткен мереке балаларға қатты ұнады. Балалар үш тілде көңілді әндер айтып, би билеп, эстафеталық ойындарға қатысты.
Оқушылардың демалысын қызықты өткізу мақсатында әр күн ерекше, қызықты тақырыптарға байланысты іс-шаралар жан-жақты ұйымдастырылды. Балаларды Отанымызды сүюге, рәміздерді құрметтеуге әр түрлі ауқымды тақырыптарды қамтитын іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ лагерімізге Мемлекеттік Қуыршақ театры келіп, балаларға қызықты қойылым көрсетіп тамаша әсер қалдырды.Сонымен қатар «Тембілдоп» кіші футбол жарысы, «Көңілді достар», «Эстафеталық ойындар» спорттық жарыстар, «Лагерь ханшайымы», «Funny English Quest», «Әсем гүлдер» бисермен жұмыс атты түрлі іс-шаралар демалушыларды өте қызықтырды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив