«Мен ертегіні жақсы көремін!» атты кітап оқу сағаты » КГУ "Школа-гимназия №201"
Municipal public
public institution
"Gymnasium school №201"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 231-77-37
bookkeeping:
+7(72) 265-97-77
Version for
visually impaired
» » «Мен ертегіні жақсы көремін!» атты кітап оқу сағаты
31
May
2023

«Мен ертегіні жақсы көремін!» атты кітап оқу сағаты

«Gymnasium school №201сы» кітапханасында «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасын іске асыру мақсатында, оқушылардың көркемәдебиетке деген қажеттілігін арттырып, оларды кітап оқуға ынталандырып, кітап оқуды насихаттау үшін «Бәріміз кітап оқиық...» дәстүрі аясында 1 «Б» сынып оқушыларымен «Мен ертегіні жақсы көремін!» атты кітап оқу сағаты болды.
Сынып жетекшісі: Абитаева Акгуль Бейсенхановна.
Іс-шара барысында оқушылар өздері оқыған ертегілерін әңгімелеп берді. Ал, Тогтаубайқызы Раяна, Бердіқұл Абдуррахим, Бейбіт Айзере болса таңдаған кітаптарын дауыстап оқып, кітап оқуға деген қызығушылығын танытты. Алдағы жазғы демалыста кітапханаға келіп кітап оқуға ынталы екендерін көрсетті.
Мақсаты: жас ұрпақ бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру,
Оқу мәртебесін, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру, сондай-ақ кітап оқу дәстүрін жалғастырып, тұрақты оқырман қалыптастыру.
Кітапханашы: Исабекова Тұрсын Разаққызы.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив