“Ас - адамның арқауы”
“Ас - адамның арқауы” Дұрыс тамақтану - денсаулықтың кепілі болса, дұрыс тамақтанбау, тазалықтың болмауы өміріңе қауіп төндіруі мүмкін. Осы мәселелерді көтеріп, тамақтың сапасын тексеру барысында мониторинг комиссия мүшелері бастамасымен 201 мектеп-гимназия асханасына тексеру жүргізілді. 🔰Тексеру барысында мәзірде көрсетілген тағамдар мен салмағы пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйкес басқа да тағамдардың жарамдылық мерзімдері, оны сақтау шарттары сәйкес келді.