Материалы за Август 2024 года » КГУ "Школа-гимназия №201"
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Август 2024 года
Педагогикалық кеңес №1
28
август
2024
Педагогикалық кеңес №1
28.08 күні 2024-2025 оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесі өтті. Кеңесте: - мектеп ұжымы оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстырылды; - әлеуметтік педагог “Мектепке жол” акциясы бойынша атқарылған жұмыс бойынша есеп берді; - жаңа оқу жылындағы сынып жетекшілер таныстырылды; - “Химия және биология пәндерінде жасанды интеллектті қолдану арқылы экологиялық сауаттылықты арттыру” тақырыбында химия пәні мұғалімі Жорабаева Динара өз тәжірибесімен бөлісті. Жаңа оқу жылы толағай табыстарға,
Жазғы демалыста «Кітап оқимыз...»
16
август
2024
Жазғы демалыста «Кітап оқимыз...»
Жазғы демалыста «Кітап оқимыз...» «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханамызда «Кітап оқимыз...» дәстүрі жалғасуда. Осы үрдісте мектебіміздің орта буын оқушылары бос уақытын тиімді пайдаланып, көркем әдебиетке деген қызығушылығы артып, кітап оқуды дағдыға айналдыруда. Осы орайда 8 «А» сынып оқушылары Солдатханқызы Әмина мен Төрехан Кәусар жазушы Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасына талдау жасап, белсенділік көрсетті. Мақсатымыз: Оқырман бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру.
«Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтару орталығында демалуға жолдама
02
август
2024
«Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтару орталығында демалуға жолдама
Қонаев қаласының маңында орналасқан «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтару орталығына Алатау ауданы №201 мектеп-гимназиясынан 10 оқушы 2024 жылдың жылдың 1 тамыздан 10 тамыз аралығында демалуға жолдама алды. Лагерде педагогтар, медицина қызметкерлері және арнайы дайындалған кеңесшілер балалардың уақытын қызықты әрі тиімді өткізуге, балалардың қауіпсіздігіне барлық жағдай жасалған. Оқушыларымызға қызықты күндері көп болсын деп тілек білдіреміз. ВИДЕО
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ
01
август
2024
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ
Жаңа 2024-2025 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында 2024 жылғы 1 тамыз бен 30 тамыз аралығында республикада «Мектепке жол» акциясы жарияланды. Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балаларды мектепке дайындау және киім-кешек, аяқ киім, кеңсе тауарлары және т.б. жетіспеуіне байланысты балалардың мектепке бармауына жол бермеу үшін қолдау көрсету. Қайырымдылық, көмек белгілі бір отбасына мектепке