«Алматының үздік мектеп кітапханасы - 2021» байқауының Бас жүлдесін № 201 мектеп-гимназиясы иемденді. » КГУ "Школа-гимназия №201"
Коммунальное
государственное учреждение
"Школа-гимназия №201"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 231-77-37
Бухгалтерия
+7(72) 265-97-77
Версия для
слабовидящих
» » » «Алматының үздік мектеп кітапханасы - 2021» байқауының Бас жүлдесін № 201 мектеп-гимназиясы иемденді.
14
май
2021

«Алматының үздік мектеп кітапханасы - 2021» байқауының Бас жүлдесін № 201 мектеп-гимназиясы иемденді.

Алатау ауданында өткен «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында, аудандық мектеп кітапханашыларының шығармашылық жетістіктерін анықтап, білікті маман екенін айқындау мақсатында ұйымдастырылған «Алматының үздік мектеп кітапханасы - 2021»  байқауының Бас жүлдесін № 201 мектеп-гимназиясы иемденді.

«Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасы оқушылардың кітапқұмарлығын арттыруға бағытталған.

Жобаны іске асыру мақсатында Школа-гимназия №201 кітапханасы жаңартылып, мектепте электронды кітапхана мен «Коворкинг» бұрышы ашылды. Бұл орында оқушылар бос уақыттарын еркін түрде пайдаланып, өздеріне ұнаған кітаптарын алып оқуға толық мүмкіндіктері бар. Электронды кітаптарға QR код арқылы кіріп, таңдаған әдебиеттеріне оңай, әрі тез қол жеткізе алады.

Жас ұрпақ бойына жоғары азаматтық және рухани адамгершілік, дәстүрлі құндылықтарды қалыптастыру арқылы, терең ойлы, жан-жақты тұлға болып қалыптасады.

Білімді ұрпақ – ел болашағы. Сондықтан біз жас ұрпақты кітап оқуға баулуды, түрлі шаралар арқылы жүзеге асыруды мақсат етеміз.

Школа-гимназия №201 кітапханасының меңгерушісі: Исабекова Т.Р.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив