Заманауи жас маман » КГУ "Школа-гимназия №201"
Коммунальное
государственное учреждение
"Школа-гимназия №201"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 231-77-37
Бухгалтерия
+7(72) 265-97-77
Версия для
слабовидящих
» » Заманауи жас маман
05
ноябрь
2021

Заманауи жас маман

Білімнің айдынында жүзіп өткен,
Ұстаз екен білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып, дана ғылым,
Сен арқылы әлемді танып білген.

Мектебімізде 04.11.2021 ж.күні Заманауи жас маман тақырыбында мектепішілік байқауы жас мамандар сайсы өтті.
Мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан - жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.

Сайыста өзінің жан-жақтылығымен, білімділігімен, шығармашылығымен ерекшеленіп, көзге түскен жас маман ұстаздар жүлделі орындарға ие болды.

Жүлделі орын игерлерін марапаттауға ДОІЖО Иманалиева Жұлдыз Мусаевна сөз сөйлеп, осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіріп, алдағы еңбек жолына сәттілік тіледі.
Бас жүлде – Мұлағали Қаламқас, өзін-өзі тану пәні мұғалімі.
І орын – Кішкенебаева Анар, ағылшын тілі пәні мұғалімі.
ІІ орын – Ұзақова Алуа, математика пәні мұғалімі.
ІІІ орын – Бекқұл Асылбек, математика пәні мұғалімі.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив