10
февраль
2023
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» әдеби-сазды мәнерлеп оқу кеші
2023 жылы 10 ақпан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында кітапханашылардың ұйымдастыруымен мектептің үлкен залында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби-сазды мәнерлеп оқу кеші өтті. Іс-шраға 5-10 сынып аралығанда оқушылар қатысып, ақынның өлеңдерін мәнеріне келтіріп жатқа айтты. Іс-шара барысында көрермендер ақынның өмір-баяны мен шығармашылығы жайында бейне баян көріп, ақынның өз даусымен оқылған өлеңдерін тыңдады. Арнайы жасалған кітап көрмесімен танысты. Іс-шараны 10 «А» сынып оқушысы Болатов Нұрсұлтан Халық қаһарманы композитор Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйімен ашса, 4 «Д» сынып оқушысы Өмек Темірлан ақынның сөзіне жазылған «Есіме, мені алғайсың» әнімен аяқтады. Кеш соңында сөз алған мектеп басшысы Шамова Арайлым Мәтжанқызы оқушылардың дайындықпен келгендеріне алғысын айтып, келешекте кітап оқуды жалғастырып, кітапты көп оқыған адамның білімді, жолы ашық болатынын, казіргі кезде гаджеткепен ғана жүрмей кітап оқуға көбірек көңіл бөлгеннің артықшылығын атап өтті. Сөз соңында барлық мәнерлеп оқуға қатысқан оқушыларға өзінің атынан «Мадақтама» қағазын табыс етті.
Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға тәрбиелеу, ақын шығармаларын сүйіп, мәнерлеп оқуға баулу, рухани асыл мұраларын насихаттап болашақ ұрпаққа жеткізіп, өміршеңдігін дамыту.
Кітапханашы: Исабекова Тұрсын Разаққызы
Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға тәрбиелеу, ақын шығармаларын сүйіп, мәнерлеп оқуға баулу, рухани асыл мұраларын насихаттап болашақ ұрпаққа жеткізіп, өміршеңдігін дамыту.
Кітапханашы: Исабекова Тұрсын Разаққызы