Schoolchildren » Страница 12 » КГУ "Школа-гимназия №201"
Municipal public
public institution
"Gymnasium school №201"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 231-77-37
bookkeeping:
+7(72) 265-97-77
Version for
visually impaired
“Компьютерлік ойындар тұлғаны дамытады”  тақырыбында дебат ойыны өткізілді
12
May
2023
“Компьютерлік ойындар тұлғаны дамытады” тақырыбында дебат ойыны
2023 жылдың 12 сәуір күні, мектебіміздің “Дебат клубы” 8-9 сынып оқушылары арасында “Компьютерлік ойындар тұлғаны дамытады” (иә немесе жоқ?) тақырыбында дебат ойыны өткізілді. Мақсаты: белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу. ВИДЕО
“Көкөністер жәрмеңкесіне” шақырамыз!
12
May
2023
“Көкөністер жәрмеңкесіне” шақырамыз!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Сіздерді мектеп жылыжайында өтетін “Көкөністер жәрмеңкесіне” шақырамыз! Жәрмеңкеде 6-сынып оқушылары экология факультатив сабағында өсірген, экологиялық таза өнімдер: қызыл болгар бұрышы, шалғам, аскөктер сатылымда болады. Өтетін орны: мектеп жылыжайы Күні: 12.05.2023ж. Уақыты: 12:30-13:30 ВИДЕО
«Алматы БАЛАFEST-2023» фестивалі басталды
11
May
2023
«Алматы БАЛАFEST-2023» фестивалі басталды
«Алматы БАЛАFEST-2023» фестивалі басталды Фестиваль халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған. Оның аясында оқушылар арасында 7 бағыт бойынша байқау өтеді. Балалар бейнелеу өнерінде робототехникада, спортта, әдебиетте және т.б. жарысады. Байқау 3 кезеңде өтеді: мектеп, аудан, қала. Оған 300 мыңнан астам бала қатысады. 1 маусымда жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Сол күні кішкентай қала тұрғындары үшін ауқымды мәдени-ойын-сауық бағдарламасы өтеді. Балалар үшін танымдық ойындар,
“ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ” жобасының қола медаль иегерлері
11
May
2023
“ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ” жобасының қола медаль иегерлері
Мектебіміздің 8 “Ә” сынып оқушысы Изтаев Мұхаммед Талғатұлы және 8 “Б” сынып оқушысы Айдынқызы Кәусар “ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ” жобасының қола медаль иегері атанды.
“Алтын сақа” олимпиадасының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау
21
April
2023
“Алтын сақа” олимпиадасының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын
“ZERDELI” ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастырумен 3-4 сынып оқушыларына арналған “Алтын сақа” олимпиадасының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау сәті өтті. Мектеп-гимназиямыздан төмендегі оқушылар орын алды: 1-орын 4“Г”сынып оқушысы:Біржан Марал. 2-орын 3“Б” сынып оқушысы: Рашит Ерсайын 3-орын 4”Б”сынып оқушысы: Серік Асылназ 3-орын 3”Ә”сынып оқушысы: Ералы Зұлқайыр. Оқушыларымыз 12-13 мамыр күні өтетін “Алтын сақа”олимпиадасының қалалық кезеңіне жолдама алды. Сәттілік тілейміз!!!
“Бояулар құпиясы” АРТ-байқауы
21
April
2023
“Бояулар құпиясы” АРТ-байқауы
2023 жылдың 21 сәуір күні, Алатау ауданы Gymnasium school №201сында Балалар жылына арналған “BALAFEST” фестивалінің “Бояулар құпиясы” АРТ-байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Алатау ауданы білім бөлімінің басшысы @akmurzaevakarlygash және Gymnasium school №201 директоры @shamova_arailym сөз сөйледі, және ДТІЖО Қошмағанбетов О.А. байқаудың ережесімен таныстырды. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: 1) Балаларға эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем
Мектепішілік дебат-пікірталас ойыны
11
April
2023
Мектепішілік дебат-пікірталас ойыны
2023 жылы 11 сәуір күні, мектебіміздің “ДЕБАТ” клубы “Жаңа қазақстандық патриотизм - көпұлтты еліміздің болашағының негізі” тақырыбында 8-9 сыныптарының қатысуымен мектепішілік дебат-пікірталас ойынын өткізді. Негізгі мақсаты: оқушының ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Ойын барысында, тақырып бойынша сұрақтарға талдау жүргізіліп, белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.
"Ілияс Жансүгіров оқулары"
05
April
2023
"Ілияс Жансүгіров оқулары"
Municipal public public institution “Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен 5 сәуір күні 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық "Ілияс Жансүгіров оқулары" шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқау 3 бағыт бойынша өткізілді. Байқауға төмендегі оқушылар қатысып, жүлделі орын иегері атанды 1-бағыт бойынша “Ілияс - қазақ поэзиясының жыр құлагері". Ақын өлеңдерін жатқа айту Байтөре Азамат 8 "г" 3 орын Жетекшісі:
«Кітап оқиық...»
04
April
2023
«Кітап оқиық...»
«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсаттында кітапханамызда «Кітап оқиық...» үрдісімен көркем әдебиет оқудан 10 «Ә» сынып оқушылары белсенділік көрсетті. 10 «Ә» сынып оқушысы Құрманғазы Гүлсана Лев Толстойдың «Анна Каренина» атты шығармасын оқып, мазмұндап берді және оқырмандарға осы шығарманы оқуды ұсынды. Мақсаты: Бос уақытты тиімді пайдаланып, кітап оқуды қалыптастыру. Күнделікті кітап оқуды үрдіске айналдыру. Исабекова Тұрсын Разаққызы.
“Art is a language!” ағылшын тілі пәні онкүндігі
03
April
2023
“Art is a language!” ағылшын тілі пәні онкүндігі
Сәуір айының 03.04-14.04.2023ж аралығында өтетін “Art is a language!” атты тақырыбымен өтетін ағылшын тілі пәні онкүндігінің ашылуы өтті. Мақсаты: 1. Өнер тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту, ақпаратты өз бетінше меңгеру, сыни тұрғыдан ойлауға үйрену, өз ойын жеткізе отырып оқушыны өз бетімен білім алуға бағыттау. 2. Ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттердің мәдениетіне деген қызығушылығы мен тілін білуге деген құштарлығын арттырып, туған елге деген патриоттық сезімін нығайту. ВИДЕО