About school » Страница 8 » КГУ "Школа-гимназия №201"
Municipal public
public institution
"Gymnasium school №201"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 231-77-37
bookkeeping:
+7(72) 265-97-77
Version for
visually impaired
8 «А» сыныбында «Кім жүйрік?» атты зияткерлер сайысы өтті
27
November
2023
8 «А» сыныбында «Кім жүйрік?» атты зияткерлер сайысы өтті
«Биогеография» вариативтік компонент сабағы бойынша 8 «А» сыныбында «Кім жүйрік?» атты зияткерлер сайысы өтті. Зияткерлік сайыста пән бойынша алған білімдерімен сынасып, жеңімпаздары мектеп асханасынан сатып алу мүмкіндігі бар қаржы сертификаттарымен Амангелді Сабира, Садық Бибарыс, Абдувахит Балзере марапатталды. Пән мұғалімі: Бүрлібаева М.А.
Физика және геометрия пәндері бойынша STEM-сабақ өткізілді
24
November
2023
Физика және геометрия пәндері бойынша STEM-сабақ өткізілді
Жас мамандар онкүндігі аясында физика және геометрия пәндері бойынша STEM-сабақ өткізілді. "Пифагор теоремасын физикада қолдану" атты сабақта балалардың инженерияға қызығушылығын арттыруға жұмыстар жүргізілді. ВИДЕО
“Алтын сақа” математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі
24
November
2023
“Алтын сақа” математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі
“Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика” демекші 06 қазан 2023 жылы мектеп-гимназиямызда 3-4-сыныптар аралығындағы оқушылардың қатысуымен “Алтын сақа” математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Мектепішілік кезеңге 33 оқушы тіркеліп, өтініш білдірді. Олардың ішінен 16 оқушы жүлделі І, ІІ,ІІІ орындар иеленіп гимназия директорының дипломымен марапатталды. 🔰Аудандық кезеңге жолдама алған оқушылар: 3 “А” сынып оқушысы Тұрғанбек Нұрали Жетекшісі: Бастаубаева Ж.С. 3 “Ә” сынып оқушысы
Smart school атты ашық сабақ Robbo clubs командасы
24
November
2023
Smart school атты ашық сабақ Robbo clubs командасы
Smart school атты ашық сабақ. Robbo clubs командасы ВИДЕО
“Білікті жас маман - жарқын болашақтың кепілі” атты жас мамандар онкүндігінің ашылуы
24
November
2023
“Білікті жас маман - жарқын болашақтың кепілі” атты жас мамандар
“Білікті жас маман - жарқын болашақтың кепілі” атты жас мамандар онкүндігінің ашылуы. Іс-шара мақсаты: педагогикалық шеберлікті арттыру, жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу, оқушыларды жаңашылдықпен таныстыру. Онкүндік аясында жас мамандар ашық сабақ, кездесулер, пікірталас, интеллектуалды ойындар т.б іс -шаралар ВИДЕО
“Бір оқушы-бір жоба” атты ғылыми ізденіс жобасы
22
November
2023
“Бір оқушы-бір жоба” атты ғылыми ізденіс жобасы
Абай атамыздың 32-қарасөзінде “Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас….” деген сөзімен сусындай келе,10 “Ә” сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Жумина Нургуль Абдулмуталиповна “Бір оқушы-бір жоба” атты ғылыми ізденіс жобасын іске асыру аясында бүгін өздері таңдаған тақырыптары мен алдағы жұмыс жоспарын құру,тапсырмалар алу мақсатында жетекші ұстаздармен кездесу өткізді
“Жануарлар мен тіршілік” тақырыбына 5 “Д” сыныбымен ашық сабақ
22
November
2023
“Жануарлар мен тіршілік” тақырыбына 5 “Д” сыныбымен ашық сабақ
“Қазақ тілі мен әдебиеті” пәндер онкүндігі аясында М. Қасымхан “Жануарлар мен тіршілік” тақырыбына 5 “Д” сыныбымен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқу мақсатына сәйкес тапсырмалар “Кім жылдам”, “Жасырын сурет”, “ Доллар жина” әдісі, “wordwall”, “budilki.ru” платформалары арқылы беріліп, оқушылар ашық сабаққа белсене қатысты. Тілдік бағдарды жетік меңгере алды. ВИДЕО
«Семей полигоны» тақырыбына  кіріктірілген ашық сабақ
21
November
2023
«Семей полигоны» тақырыбына кіріктірілген ашық сабақ
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндер онкүндігі аясында О.Ж. Серікбаев пен М.Б. Айбергенова «Семей полигоны» тақырыбына 11 «А» сыныбымен кіріктірілген ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқу мақсатына сәйкес тапсырмалар «Тарсия» пазлы , «Блум түймедағы» және «РАФТ» әдістері арқылы беріліп, оқушылар ашық сабаққа белсенді қатысып, тақырыпқа қатысты мағлұматтармен танысты. ВИДЕО
«Балауса» тобы ГРАН-ПРИ-ді жеңіп алды
20
November
2023
«Балауса» тобы ГРАН-ПРИ-ді жеңіп алды
ГРАН-ПРИ🏆 Әскери-патриоттық тәрбиеге баулып, Отансүйгіштік рухани жігерлерін шыңдай білген «Алтын жұлдыз» атты қалалық ән фестивалінде «Балауса» тобы ГРАН-ПРИ-ді жеңіп алды. 
Kitap.kz платформасы
16
November
2023
Kitap.kz платформасы
Құрметті достар! 📚Кітап оқу үшін тағы бір қолайлы мүмкіндік пайда болды.Осы аптада оқушыларға kitap kz платформасын қолдану бойынша нұсқаулық берілді. Оқушылар өздеріне берілген логин/пароль арқылы платформаны тегін қолдана алады. 🔗Kitap.kz - қазақ және әлем әдебиетінің үздік шығармаларын оқу және тыңдау мүмкіндігін ұсынатын ауқымды онлайн платформа. Платформада классикалық шығарма, әлемдік бестселлер, ғылыми-танымдық, іскерлік әдебиеттер бар. Сондай-ақ, тарих, психология мен балаларға арналған