Activity » Страница 5 » КГУ "Школа-гимназия №201"
Municipal public
public institution
"Gymnasium school №201"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 231-77-37
bookkeeping:
+7(72) 265-97-77
Version for
visually impaired
СӘРСЕНБІ - ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КҮНІ
07
февраль
2024
СӘРСЕНБІ - ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КҮНІ
СӘРСЕНБІ - ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КҮНІ ВИДЕО
«Жасөспірім қыздардың жеке бас гигиенасы» тақырыбында дәріс
06
февраль
2024
«Жасөспірім қыздардың жеке бас гигиенасы» тақырыбында дәріс
2024 жылдың 6 ақпан күні №29 қалалық емхана дәрігері(гинеколог) Устемирова Ләззат Мырзагалиевна, терапевт Манап Ризамен Gymnasium school №201 оқушыларының (қыздары) арасында «Жасөспірім қыздардың жеке бас гигиенасы» тақырыбында дәріс оқылды. Оқушылар гинеколог дәрігерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандардың кәсіби жауаптарын тыңдады және пікір алмасып, ой бөлісті  ВИДЕО
«Бес күн бес іс-шара» жобасы
30
January
2024
«Бес күн бес іс-шара» жобасы
СЕЙСЕНБІ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КҮН «Бес күн бес іс-шара» жобасы аясында 11-сынып оқушыларымен психологиялық тренинг өткізілді. Мақсаты: Арт-терапия арқылы оқушылардың бойындағы қобалжу, мазасындану, ішкі шиеленістері мен эмоциясын шығару арқылы сенімділік күйін қалыптастыру. Ұйымдастырушылар: мектеп психологі Халық Үміт, ұйымдастырушы-педагог Көпжасар Нұрлы, көркем еңбек мұғалімі Көкен Ерасыл ВИДЕО
ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ
25
January
2024
ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ
ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ «Ұлттық мектеп лигасы» аясында тоғызқұмалақтан 7-8 сынып оқушылары арасында аудандық іріктеу кезеңі өтті. Турнир жоғары дәрежеде әрі әділ өтті. Жарыс нәтижесінде: 1-орын №201 МГ 2-орын №210 ЖББМ 3-орын №178 МЛ Жеңімпаздар қалаға жолдама алды ВИДЕО
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ – АҚЫЛ-ОЙ ОЙЫНЫ
24
January
2024
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ – АҚЫЛ-ОЙ ОЙЫНЫ
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ – АҚЫЛ-ОЙ ОЙЫНЫ «Ұлттық мектеп лигасы» аясында тоғызқұмалақтан 5-6 сынып оқушылары арасында аудандық іріктеу кезеңі өтті. Қанатын кеңге жайған ұлттық ойын тартысқа толы өтті. Жарыс нәтижесінде: 1-орын №201 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ 2-орын №204 ЖББМ 3-орын №14 ЖББМ Жеңімпаздар қалаға жолдама алды ВИДЕО
Мектеп парламенті бастауыш сыныптарына асханада өзін-өзі ұстау, жалпы асхана этикеті тақырыбында түсіндіру сабақтарын өтті
23
January
2024
Мектеп парламенті бастауыш сыныптарына асханада өзін-өзі ұстау, жалпы
Мектеп парламенті бастауыш сыныптарына асханада өзін-өзі ұстау, жалпы асхана этикеті тақырыбында түсіндіру сабақтарын өтті ВИДЕО
“Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі” тақырыбында кездесу
19
January
2024
“Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі” тақырыбында кездесу
“Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі” тақырыбында Ұлттық салауатты тамақтану орталығының мамандарымен кездесу өтті. Мақсаты: Schoolchildren “Дұрыс тамақтану” ұғымын түсіндіру, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білуге үйрету, салауатты өмір салтын насихаттау. Кездесу барысында фаст-фуд, энергетикалық сусындардың зияны, ұлттық тағамдардың пайдасы жайында ақпарат берілді.  ВИДЕО
«Кітап оқимыз» үрдісі жалғасуда
19
January
2024
«Кітап оқимыз» үрдісі жалғасуда
«Оқуға құштар мектеп...» жобасын іске асыру мақсатында мектеп кітапханасында «Кітап оқимыз» үрдісі жалғасуда. Кітап оқу үрдісіне 8 сынып оқушылары белсенділік көрсетіп, оқырман қауымды кітап оқуға шақырды. Мақсатымыз: оқушыларды күнделікті кітап оқуға дағдыландыру. Кітапхана меңгерушісі: Исабекова Тұрсын Разаққызы ВИДЕО
1 ”Б” сыныбында “Рахмет ,саған Әліппе!” тақырыбында ертеңгілік өтті
18
January
2024
1 ”Б” сыныбында “Рахмет ,саған Әліппе!” тақырыбында ертеңгілік өтті
“Білім басы бастауышта қаланар, білімменен әлемге жол салынар” атты бастауыш пәндер онкүндігі аясында 1 ”Б” сыныбында “Рахмет ,саған Әліппе!” тақырыбында ертеңгілік өтті. Оқушылар ертеңгілікке белсенді қатысып білімге,ұстаздары мен мектепке , Отанына деген ыстық лебіздерін білдірді. ВИДЕО