«Қазақстандағы экологиялық жағдай» атты дөңгелек үстел отырысы » КГУ "Школа-гимназия №201"
Municipal public
public institution
"Gymnasium school №201"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 231-77-37
bookkeeping:
+7(72) 265-97-77
Version for
visually impaired
» » «Қазақстандағы экологиялық жағдай» атты дөңгелек үстел отырысы
17
April
2024

«Қазақстандағы экологиялық жағдай» атты дөңгелек үстел отырысы

Бүгін, Алатау ауданындағы № 201 мектеп-гимназиясында “Алматы - біздің ортақ үйіміз” экологиялық акция аясында, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығының ұйымдастырумен «Қазақстандағы экологиялық жағдай» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараның спикері – «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртісі, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты, дәстүрлі әнші Ағлақова Ұлжан Уайханқызы болды. Дөңгелек үстелге аталмыш мектептің 8-сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Іс-шара барысында өскелең ұрпаққа табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық жағдай орын алғанда атқарылатын қарсы іс-қимыл жұмыстарын жүзеге асыру бойынша және елімізде болып жатқан жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және т.б. табиғи апаттар туралы мәліметтер берілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив