"ҒЫЛЫМҒА БАСТАР ЖОЛ" тақырыбындағы КӨШБАСШЫЛЫҚ ДӘРІС » КГУ "Школа-гимназия №201"
Municipal public
public institution
"Gymnasium school №201"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 231-77-37
bookkeeping:
+7(72) 265-97-77
Version for
visually impaired
» » "ҒЫЛЫМҒА БАСТАР ЖОЛ" тақырыбындағы КӨШБАСШЫЛЫҚ ДӘРІС
13
November
2023

"ҒЫЛЫМҒА БАСТАР ЖОЛ" тақырыбындағы КӨШБАСШЫЛЫҚ ДӘРІС

"ҒЫЛЫМҒА БАСТАР ЖОЛ" тақырыбындағы КӨШБАСШЫЛЫҚ ДӘРІС

🔹№ 93-мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Өтеген Бекет Үсенбекұлы білім алушыларға «Ғылымға бастар жол» тақырыбында көшбасшылық дәріс өткізді.

🔹Өтеген Бекет Үсенбекұлы — педагог-сарапшы, бірқатар ғылыми зерттеу және оқу-әдістемелік құралдар авторы, педагогика ғылымдарының магистрі, республикалық I педагогтер съезінің делегаты. Әріптесіміз бірнеше жыл қатарынан тіл білімі секциясы бойынша ғылыми жоба конкурсының жүлдегерлерін дайындап келеді.

🔹Көшбасшылық дәрістің мақсаты — оқушыларға ғылымның құндылығы, оның өмірмен байланысы, рационалды ойлау ерекшелігі, қазіргі қоғамдағы ғалымның рөлі және ұлттық ғылымның жетістіктері туралы мәлімет беріп, пікір алмасу.

🔹Көшбасшылық дәріс барысында спикер ғылым және оны дамыту мәселелеріне тоқталып, Әл-Фараби және Абай еңбектеріндегі ғылыми таным және әлемдік ғылымдағы танымал тұлғалардың жетістіктерінің сыры жөнінде өзіндік ой-тұжырымдарымен бөлісті. Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Д.А.Бактыбаева ,Н.А.Жумина қорытындылап, оқушылардың шығармашылық бастамаларын кеңестермен толықтырды.




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив