Материалы за Октябрь 2021 года » КГУ "Школа-гимназия №201"
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№201 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 231-77-37
Есепші бөлімі:
+7(72) 265-97-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Октябрь 2021 года
Дина Нұрпейісованың 160 жылдығы
29
октябрь
2021
Дина Нұрпейісованың 160 жылдығы
Бүгін 201 мектеп-гимназия оқушыларының қатысуымен Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына орай Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы мен “Анаға құрмет” музейі ұйымдастырған көрме өтті. Мақсаты-еліміздің мәдениетін, ұлттық құндылықтарын,салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптарын өскелең ұрпаққа насихаттау, дәріптеу. Көрнекті көрме Дина Нұрпейісованың күйімен басталалып, көне жәдігерлер мен кимешектердің тарихы таныстырылды.Анаға құрмет музейінің қызметкерлері қолданыстан шыққан көне жәдігерлердің маңызы
"Ардақты асыл жандар,ардагерлер қартаймаңдар
22
октябрь
2021
"Ардақты асыл жандар,ардагерлер қартаймаңдар
Алматы қаласы Алатау ауданы білім бөлімі "Қарттар айлығы " аясында "Ардақты асыл жандар,ардагерлер қартаймаңдар" атты 6-7 сыныптар арасында өткізілген аудандық бейнеролик байқауына қатысып ІІ орын иегері атанғаны үшін 7 "В" сынып оқушысы Төлеубек Архат марапатталады.
“Аяулы күз, Алтын күз”
21
октябрь
2021
“Аяулы күз, Алтын күз”
2021 жылғы 19-20 қазанда 201 мектеп-гимназиясында “Аяулы күз, Алтын күз” тақырыбында 8-11 сыныптар арасында мектепішілік кеш өтті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасында «Мәңгілік елдің ұландары үнемі ізденісте жүретін, жан-жақты дамыған, жаһандық бәсекеге қабілетті болып қалыптасуы керек» деген.Осыған орай оқушыларымыздың әр түрлі дағдыларын қалыптастыруға ұйымдастырылған кештің мақсаты күз ханзадасы мен ханшайымын анықтау және олардың шеберлігін, сайысқа деген қызығушылығын
Алматы қаласы мәслихатының депутаты Нұрымбек Таудың ұйымдастыруымен мектебіміздің белсенді оқушыларына сыйлықтар берді
20
октябрь
2021
Алматы қаласы мәслихатының депутаты Нұрымбек Таудың ұйымдастыруымен
201 мектеп-гимназиясының  оқушылары Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы қаласы мәслихатының депутаты Нұрымбек Таудың ұйымдастыруымен “Alatau Creative Hub” орталығында орналасқан   Мультимедиялық  дәстүрлі музыка орталығында болды. Іс-шара барысында  оқушылар Нұрымбек Таумен кездесіп, пікір алмасты. Нұрымбек Тау өзінің тәжірибесімен бөлісіп, жастарға ой салатын мағыналы, өмірлік азық болар әңгімелер айтты.Кездесу соңында белсенді оқушыларға сыйлықтар беріліп, ерекше әсермен
«Тұлға болам 2» республикалық кітап оқу сайысы
19
октябрь
2021
«Тұлға болам 2» республикалық кітап оқу сайысы
«Тұлға болам 2» республикалық кітап оқу сайысының 5-7 сыныптар арасында өткен 1-кезеңінің қорытындысы бойынша  4513 оқушының ішінен  5 «А» сынып оқушылары Әбдіәмит Абзал мен Даулет Аянат  жоғары ұпай жинап , алғашқы ондықтан көрінді.  Айта кетейік,  Абзал 1-орын, Аянат 9-орынға ие болып,  1-кезеңнің 30 ең үздік қатысушысына   берілетін 5000 теңге сыйақыны алады.  Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтай отырып, алдағы кезеңдерінде сәттілік, жеңіс тілейміз! Жетекшісі: М.У.Дусимбаева
201 мектеп-гимназиясында 18.10.2021 ж 29 емхана гинекологы Тоғжан Саматқызымен  қыздар жиналысы  өткізілді.
18
октябрь
2021
201 мектеп-гимназиясында 18.10.2021 ж 29 емхана гинекологы Тоғжан
201 мектеп-гимназиясында 18.10.2021 ж 29 емхана гинекологы Тоғжан Саматқызымен  қыздар жиналысы  өткізілді. Жиынның негізгі мақсаты: ұлттық салт-дәстүрлерді сақтап, білімді ұрпақ болуға баулу. Жиналыста қыздардың тәртібі,қыз балалардың жеке гигиенасы, жаман әдеттерден аулақ болу қағидалары туралы айтылды. Қыздар жиналысына мектебіміздің психологы мен медбике қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс соңында директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Артықбаева. А.Н қыздардың әдептілігі
Мультимедиялық  дәстүрлі музыка орталығы
16
октябрь
2021
Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы
201 мектеп-гимназиясының  оқушылары Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы қаласы мәслихатының депутаты Нұрымбек Таудың ұйымдастыруымен “Alatau Creative Hub” орталығында орналасқан   Мультимедиялық  дәстүрлі музыка орталығында болды. Оқушылар Мультимедиялық дәстүрлі  музыка орталығында қазақ халқының ән, күй, ақын-жыраулық өнерін жасаушы және бүгінге жеткізуші өнер тұлғаларының аспаптарымен танысып, 3D голограммадан төрт өңірдің белгілі өкілдерінің орындауында танымал ән-күйлер мен
Дебат (пікірсайыс) туралы қысқаша түсінік!
15
октябрь
2021
Дебат (пікірсайыс) туралы қысқаша түсінік!
Дебат - қандай да бір жиылыста, мәжілісте пікірталасу жарыссөз, айтыс. Парламенттік дебаттар - заң шығару және үкімет іс-әрекеті жөніндегі депутаттар арасындағы пікіралмасудың ресми қалыптасқан тәртібі туралы "Алаш" дебат клубының мүшелерінің отырысы өтті.
Тәрбие жұмыстары
12
октябрь
2021
Тәрбие жұмыстары
№201 мектеп-гимназиясында 05.10.2021 күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кошмаганбетов Олжас Айкужаұлы мен мектеп инспекторы Нусупбаев Еркін Қанатұлы 5-11 сынып оқушыларымен кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауы,бейтаныс адамдардан аулақ жүруі,мектеп тәртібін сақтау жөнінде тәрбие жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы  Білім және Ғылым министрлігі  ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
11
октябрь
2021
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі  ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі қол жеткізген табыстары үшін Данагуль Аркабаевна Бактыбаева марапатталады. Данагуль Арқабаевна марапатыңыз құтты болсын!Білім сапасын арттыруда педагогикалық ізденіс, жаңа серпін шығармашылық табыс тілейміз. Мерейіңіз  үстем, мәртебеңіз биік болсын!