«Үш тұғырлы тіл — ұлт келешегінің де, ұрпақ келешегінің де кілті»
«Үш тұғырлы тіл — ұлт келешегінің де, ұрпақ келешегінің де кілті» атты тілдер онкүндігі аясында мақал-мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге үйрету мақсатында 6-сыныптар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» танымдық ойыны өтті. Нәтижесінде 6 «Б» сыныбының «Қазына» тобы 1-орынға, 6«Ә» сыныбының «Тапқырлар» тобы 2-орынға ие болды. 6 «В» сыныбының «Достық» тобы мен 6«А» сыныбының «Алғырлар» тобы 3-орыннан көрінді. Сайыс өте қызықты әрі тартысты болды.